--Сенің туған жеріңнін табиғаты қандай?
-- Менің туған жерімнің табиғаты әдемі.,ауасы таза.
Туған жеріңде орман, көл бар ма?
, --Менің туған жерімде орман да көл де бар.
--Орманның ішінде нелер бар?
--Жазда қарағайлы орманның ішінде көп саңырауқұлақтар болады.Жидектер мен өсімдіктердің түрі көп өседі.
--Ал туған жеріңнін көлі қандай ?
--Біздің көл үлкен.суы мөлдір.Сондықтан бұл жаққа көп адамдар демалысқа келеді.Көлдің жағасында жаз бойы рахаттанып ,таза ауамен дем алады.Міне менің туған жерімнің табиғаты осындай тамаша !Маған менің туған жерімнің табиғаты өте ұнайды
Дана да дара тұлға – Б.Момышұлы.
Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр Бауыржан Момышұлы –тау тұлға. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі – біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі. Батыр Бауыржан Момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат. Осынау дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің көкейінде.