Негізі, Қазақстандағы ұлттық мәдени орталықтардың үш статусы болады. Олар республикалық, облыстық, аудандық болып үшке бөлінеді. Мәселен, республикалық ұлттық мәдени орталықтар туралы айтатын болсақ, бүгінгі таңда Әділет министрлігіне нақты тіркелген 28 мәдени орталық бар. Бұл орталықтардың облыста, ауданда өздерінің филиалдары жұмыс істейді. Сонымен қатар ұлттық мәдени орталықтардың жергілікті әділет басқармаларына заңды тіркелгендері де, тіркелмегендері де болады. Осы реттен келгенде, еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жалпы саны 820-дан асады. Бұл – тіркелген-тіркелмегендерінің барлығын қосып есептегендегі көрсеткіш.
ответ:ІІІ. ЖАЗЫЛЫМ
Берілген үш тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмысыңызда реттік, жинақтық сан есімдерді, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.
1. Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі
Жазғы демалыс кезінде ауылдағы туыстарыңыз қалаға қыдырып келді. Қонақтармен қаланы аралауға шықтыңыз. Қай жерлерге апарасыз? Неге? Қала өмірінің ерекшелігін және барған жерлеріңіз туралы сипаттап жазыңыз.
2. Отан отбасынан басталады
Әр адамның өз отбасы бар. Сол отбасында туысқандар, бауырлар өмір сүреді. Сіздің де отбасыңыз бар. Барлығы сізді жақсы көреді, сіз де оларды жақсы көресіз. Отбасыңыздың бір мүшесін сипаттап жазыңыз.
3. Таулар сыры
Біздің еліміз жазық жерде орналасқан. Тек кейбір облыстарда ғана таулар бар. Егер еліміз тек таулы жерде орналасса, қандай мүмкіндіктер мен ерекшеліктер болар еді? Өз ойыңызды жазыңыз.
воо