М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Alinakaliova
Alinakaliova
21.02.2022 10:29 •  Қазақ тiлi

Напишите сочинение изложение на тему "қазақтың тыйым сөздері" на казахском языке

👇
Ответ:
Kracylia
Kracylia
21.02.2022
Дастарханды, тамақты баспа.Кісі мініне күлме, кемтарға күлме.Малды, ыдысты, тамақты теппе. Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірме.Көкті жұлма, шашыңды жұлма.Үй айнала жүгірме.Босағаны керме, құшақтама.Табалдырықты баспа, отырма.Үйді сабама, малды басқа сабама.Бейіт тұсынан шауып өтпе, жүгіріп өтпе.Бейітке қолыңды шошайтпа, оған қарап түзге отырма.Итке ожаумен ас құйма.Түнде үй сыпырма, түнда тырнағыңды алма.Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме.Бүйіріңді таянба, жер таянба, иегіңді таянба.Шашыңды жайма.Бетіңді баспа.Тізеңді құшақтама.Өтірік жылама.Жұлдызды, адамды санама.Сыпырғышты тік қойма.Қолыңды қусырма.Адамға пышақ, мылтық кезенбе.Бос бесікті тербетпе.Құранды, тамақты баспа.Жақын адамға пышақ сыйлама.Тұзды, күлді баспа.Отпен ойнама, оттан аттама, отқа түкірме.Нанды жерге тастама, үстіне басқа затты қойма.Бейуақытта жылама, ұйықтама.Бейуақытта кісіге көңіл айтпа.Бөркіңді теріс киме.Үйде ысқырма.Үйге жүгіріп кірме.Мойныңа белбеу жіп салма.Айды қолыңмен көрсетпе.Құдыққа түкірме, ыдысқа түкірме, жоғары қарай түкірме.Шелектегі суға аузыңды батырма.Ақты төкпе. Адамды айналма.Адамға қарап түкірме, есінеме.Жалғыз ағашты кеспе.Пышақтың жүзін жалама.Пышақты шалқасынан қойма.Таңдайыңды қақпа, басыңды шайқама.Қызды ұрма.Кісіге, молаға саусағыңды шошайтпа.Орынсыз күлме.Кісі айыбын бетіне баспа.Көп сөйлеме.Адамға, малға зәбір жасама.Балаңа басқа ұрма. Ата-анаңа қарсы келме.Түнде суға барма.Бетіңді сызба.Нанды бір қолыңмен үзбе.Асты үрлеме, асты жамандама.Тамақты сораптап ішпе.Қолыңды төбеңе, желкеңе қойма.Өтірік күлме, өтірік сөйлеме, өтірік жылама.Ішегіңді тартпа, табаныңды тартпа.Қыз ұлдың, ұл қыздың киімін кимесін.Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа.Құдайға, пайғамбарға, әулиеге тіліңді тигізбе.Қабірді баспа.Аманатқа қиянат жасама.Ант ішпе, әбес сөйлеме.Өтірік куәлік жасама.Намазды бұзба.Құстың ұясын бұзба.Құмырсқаның ұясын баспа.Ұрлық қылма, зорлық қылма.Тіліңді шайнама, тіліңді тістеме, шығарма.Саусағыңды аузыңа салма.Кісі үйінде түрегеп тұрма.Түрегеп тұрып немесе жатып тамақ ішпе.Саусағыңды кеземе.Аяғыңды тұсама, қолыңды байлама.Көп ішінде қатты сөйлеме, қатты күлме.Желге қарсы түкірме, желге қарсы дәрет сындырма.Үлкеннен бұрын сөйлеме.Үлкеннен бұрын тамақ жеме.Үлкеннен бұрын отырма, жатпа.Үлкеннің бетінен алма.Шақырмаған жерге барма.Рұқсатсыз үйге кірме.Жұрт көзінше кекірме, қасынба.Жұрт алдында құлағыңды қасыма, мұрныңды шұқыма.Жерді сабама, жерді тепкілеме.Баланы шошытпа.Атқа теріс отырма.Қайықты тербелтпе.Әдепсіз сөзді айтпа, өтірік айтпа.Мақтаншақ болма, тәкәппар болма.Әйелге күш көрсетпе.Малды боқтама.Асты қорлама.Жәндікті жәбірлеме.Уһілеме.Маңдайыңды, басыңды ұрма.Отты, ошақты аттама.Дастарханды, ыдысты, тамақты аттама.Жаман әдетті үйренбе.Жаманат шақырма.Жаман ырым жасама.Етбетіңнен жатпа.Ерсі қимыл жасама.Шашыңды, тырнағыңды өсірме.Кісі төсегіне отырма.Теріс қарап отырма, жүреңнен отырма.Сол қолмен тамақ ішпе.Шалбарды басыңа жастама.Қолыңды артыңа ұстама.Түнде мал санама.Түнде күл шығарма.Таңертеңгі асты тастама.Көзіңді жыпылықтатпа.Қолыңды кеудеңе қойма.Ерніңді шығарма.Орындықта аяғыңды айқастырып отырма.Бала бетіне үрлеме.Тырнағыңды тістеме.

С.Кенжеахметұлы

сурет: balzhan.files.wordpress.com

4,5(29 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
максим1718
максим1718
21.02.2022
Жапырақсыз бұтағы.
Алады одан қан құйып.
Емге шипа бұл дағы. (Бұғы)

Жапырақ жоқ бұтасында,
Қос емен өсiп тұр бiр басында. (Бұғы)

Төбесiнде қу бұтақ,
Алар екен кiм бұтап. (Бұғы)

Мүйiзiнен таралған,
Жанға шипа дәрi алған. (Марал)

Есек емес,
Жылқы емес.
Екеуiнiң ұқсастығы
Бередi тұрқы елес. (Құлан)

Тұрқы, түрi
Жылқы тектес жалы бар,
Шөп жеп түрлi,
Түзде өскен жануар. (Құлан)

Пысқырғыш не?
Ысқырғыш не? (Құлан мен жылан)

Жақпар тастың өркешiне,
Секiредi құламай.
Қия құздың өр төсiне,
Орғып шығар ол оңай. (Арқар)

Тау көтерген төрт қазық. (Төрт аяқ)

Жез бейнелi өзi,
Кең дала еркесi,
Мөп-мөлдiр көзi. (Киiк)

Айбарлы сұсы бар,
Қанжардай тiсi бар.
Тұла бойында
Тасыған күшi бар,
Күжiрейген жалды,
Бiлсең айт бұл аңды? (Арыстан)
4,6(8 оценок)
Ответ:
АмаХастла
АмаХастла
21.02.2022

1. Қазіргі Монғолияның жерінде ХІІІ ғасырдың басында Керей,найман,жалайыр хандықтардың шекарасына іргелеп жатқан монғол тайпалары бірде тату,бірде арыз өмір сүрген .Монғол империясының шаңырағын алғаш көтерген Шыңғысхан (бала кезіндегі аты Темужін) 1155 жылы (1162) Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында Есугей батырдың отбасында туған.темужін 9 жасқа толған кезінде әкесі татарлар қолынан қаза табады.1206 жылы Онон өзенінің жағасында өткізілген құрылтайда ақ туды желбіретіп хан етіп Темужінді сайлайды. Монғолдарды жеңіске жеткізетін хан Жеңісхан болсын деп,бата берген.Жеңісхан деген сөз монғолша «Шыңғысхан» деп аталып кеткен.

2.Монғол мемлекетін Шыңғысхан жеке басқарды. Жанында жаза білетін және басқа елдердің тілін түсінетін уәзірлер болды. Ол империяны 95 түмен әкімшілік билікке бөлді.Әрбі р түменде 10 мыңнан адам болды.Түмендер аймаққа бөлінді.

Әскери басқару жағынан Монғолия аумағы мен халқы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді. Олар оң қанат (Барунгар), сол қанат (жоңғар) және Орталық қанат (Кул) деп аталды

Мемлекеттің басты заңы «Жасақ» деп аталады. «Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы құрылтай болды. Ол жылына бір рет жаз айында шақырылды. Онда басты мәселе алдағы болатын соғыстың жоспары талқыланды.

3. Шыңғыс хан Монғолия жеріндегі түркі тілдес хандықтардың қол астына қаратқан соң, көрші жатқан елдерді жаулап ала бастайды. 1207-1208ж халықтарын басып алды.

Өзіне көрші жатқан жерлерді жаулап болған Шыңғыс хан . енді Орта Азия мен Қазақстанға көз тігеді.

Шыңғыс хан Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін Қазақстанның Оңтүстігі мен Орта Азияға жолға шығады. Отырар билеушісі Қайыр хан Хорезмшахпен келісе отырып, керуенді тұтқындап, адамдарын қырғынға ұшыратады.

Осы кезде «Отырар күйреуі» атты кинофильм туралы айтылады. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласқан. Тек Хорезмшах көмекке жіберген Қараша-Хажиб моңғолдарға беріліп, қақпаны ашқаннан кейін, жеңіліске ұшыраған.

4. Моңғол шапқыншылығының зардаптары орасан зор болды. Жетісу аймағындағы халықтың монғол шапқыншылығына онша қарсылық көрсетпегенінің өзінде қалалар мен қоныстар қаңырап бос қалды.

Монғол шапқыншылығы қалалы мәдениеттің дамуына үлкен кедергі болды. Отырықшылық мәдениет тоқырады. Елдер арасында қарым-қатынас мүлде тоқтады. Қазақстандағы әлеуметтік экономикалық дамудың барысында орасан зардаптарын тигізді.

5.Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін өзінің төрт баласына берді. Қазақстан жері оның үш баласының қол астына қалады . Бөліп берілген жерлер ұлыс деп аталды.

Жошы ұлысы, Жошы Шыңғысханның үлкен баласы оных ұлысында шығысы Ертіс өзенінің басты Еуропа жерлеріне дейінгі ат тұяғы жететін жерлер болды.

Шағатай ұлысы. Шағатай Шыңғысханның екінші баласы. Оған Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан(Жетісу аймағы) мен Орта Азия жерлері берілген . Ұлыстың орталығы – Алмалық қаласы.

Үгедей ұлысы. Үгедей-Шыңғысханның үшінші баласы. Оған Батыс Монғолия мен Алтай,Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысы бойындағы жерлер қараған.

Кіші баласы Төле Монғолия жерін билеген. Ұлыстардың арасында билік, талас-тартыс күшейе берген.

Объяснение:

4,4(88 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ