М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
close44
close44
18.03.2023 17:05 •  Қазақ тiлi

4-тапсырма. Берілген сурет пен тірек сөздердің көмегімен «Жыл мезгілдері» тақырыбына шағын әңгіме жазыңыз. Тірек сөздер: күн суык, Абайдың өлеңдері, ағаштардың жапырақтары сарғаяды, аяз бен боран, өзенге су толады, суреттейді, тоңып қалады, аққала жасайды, бәйшешек шығады, жасыл шөп.

👇
Ответ:
амир250
амир250
18.03.2023
Бүгін ауа райы өте ауық болып тұр. Не деенімен қыс, аяз. Біз аққала жаспйтынбыз бұл мезгілде қыста. Ал негізі менің ең ұнататын жыл мезгілім ол көктем, қыстан кейін бәрі еріп, гүлдер гүлдеп шығады, бәйшешек, жасцл шөп. Өте ғажап көрініс. Ал күзде жапырақтын бәрі сарғаюда. Жаз ол да керемет мезгіл өзінің ыстығымен салқын суда шомылып қайтуға болад. Көктем де былац қарасақ қатты ыстық та емес, суық та емес, бірақ жымбыржауады өте көөөп. Рахмет сау саламатты болыныздыздар.
4,8(31 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
superegr
superegr
18.03.2023

Неологизмдер – ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге ене бастаған жаңа сөздер. Мысалы: кеден, ұшақ, жарнама, делдал, зейнетақы, саябақ т.б.

Неологизм негізінен мына жолдармен жасалады:

Бұрыннан бар сөздерге түрлі жұрнақтарды қосу арқылы: оқулық, көрермен, балмұздақ, өміршең т.б.

Жалқы есімдерді жалпы есімдерге айналдыру арқылы: суворовшылар, мичуриншілер т.б.

Екі сөзді біріктіру арқылы: келіссөз, ұлтаралық, жетіжылдық т.б.

Кейбір неологизмдер сөз тіркесінен де жасалады: агротехникалық шаралар, жергілікті тыңайтқыштар, шаруашылық дақылдары т.б.

Мысалы: Менің ағам "кеден қызметінің үздігі" марапатына ие болды.

Қазіргі таңда көптеген жарнама ғаламтор арқылы жасалады.

Биылғы жылдың шілде айынан бастап зейнетақы мөлшері тоғыз пайызға көтеріледі.

Демалыс күндері отбасымызбен Жеңіс саябағында серуендегенді ұнатамыз.

Мамыр айының соңғы күндері оқулықты кітапханаға тапсырып, оқушылар бір демалып қалады.

Кеше Мәдениет үйінде өткен Қуандық Рахымның концертінде зал көрермендерге лық толы болды.

4,4(25 оценок)
Ответ:
Rozo4ka1mr
Rozo4ka1mr
18.03.2023

1 жауап

Терранова 8.10.2017 жауап берді

Қай халықтың да қадір тұтары - өзінің сөзін сөйлеп, кегін қуар ақыны мен батыры. Екеуі де тек халықтың ғана бойынан табылар сарқылмас жігер мен шабыттың, сана мен сабырдың, тәуекел мен арманның түлегі. Екеуі де жұртын елдікке бастаса, қайсыбір жұмыр басты пенденің болсын өресі жетпес ерен ерлікке, кемел кісілікке бастары хақ. Екеуі де тасқындаған қайраттың ғана емес, ең алдымен, кең толғап, кемсіз пішер кемеңгер ақылдың көрінісі [1,25 б]. Ал, осы екі қас қасиет те бір басына сыйып, бағына біткен қазақ елінің асылы,ақберен ақыны-Махамбет Өтгемісұлы.

Азаттық үшін алысқан, елі үшін егескен арыстан бабамыз Махамбет Өтемісұлының қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше. Рухы биік жырлары ақынның атадан туған аруақты ер екенін дәлелдей түседі. Тарихшы ғалым Тілекқабыл Боранғалиұлы өзінің «Ғасырдан тәбәрік» атты еңбегінде: «Қазақ жырының ой-санасы – Абай, ар-намысы – Махамбет. Абайдың ғибратымен, Махамбеттің жігерімен еңсе тіктеген әлеуетпіз. Бірі-рухани ұстазымыз, бірі-рухты ұранымыз» деп, Махамбеттің өзгеше жан екенін сөз етті.

Жалынды ақын,намысшыл ержүрек жауынгер өзінің қысқа да жарық отты өмірін жан тəнімен халқына арнап,еркіндік идеясы мен əділеттілікті ұран етіп,найза ұшын,қалам құдыретін шебер ұштастырды. Махамбет көшпелілер өркениетінің осынау жарық дүниемен шарқырап тұрып қоштасқан соңғы үні. Жалына қол тигізбейтін көшпелілердің қыл сағағын тағдыр тұзағы қылқындырған сəтте асау рухы Махамбет болып тұяқ серпігендей. Қазақты ұлт ретінде даралап, тарих сахнасына шығарған көшпелілер мəдениетінің буырқанып келіп жартасты соққан ақжал толқыны Махамбет тəрізді. Егер, Қазақ халқының рухани үрдісін кең аяда тарихи құбылыс ретінде елестетер болсақ, онда Көне Түркі ескерткіштерінен Қорқыт пен Асанқайғыдан бастап, Шалкиіз бен Қазтуған, Ақтамбердіге дейін жалғасып, ақыр аяғында Махамбетке келіп тірелетін жорық жырауларының бір-бірімен ғасырлар ойнауынан сабақтасқан жалынды үнін анық естуге болады. Махамбет – жорық жырауы. Сол Ұлы бабаларының дəстүрін жалғастырған, рухын сөзімен емес ерлік ісімен көрсеткен батыр-жырау. Ауыз əдебиетінің тереңінен сусындаған, өзінің бойына халықтық дəстүрді терең сіңірген Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманұлы бастаған халық көтерілісінде маңызды рөл аткарды, ол өзінің өлеңдері арқылы халықты патша өкіметі мен хандардың езгісіне қарсы күреске шақырды. Махамбеттің өлеңдері бостандық пен əділдікті, халық көсемдерінің батырлығын қалың халық бұқарасына паш ету мақсатында жазылды [2,132 б].

Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды. «Мұнар күн» жырында ол ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында. Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы Исатай батыр. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», «Соғыс», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды. Өз халқын, елін, жерін сүйген нағыз ердің басты мақсаты-ел басына күн түскенде «Ереуіл атқа ер салу, егеулі найза қолға алу...» еді. Бойына туа біткен қайсарлығы арқылы досы Исатаймен біріге отырып, тәуелсіздік туын алғаш көтерді. Елінің азаттығы үшін ақберен ақын қаһармандық қасиеттерін ұрпаққа үлгі етті, өзінің өткір тілді өрен жырларымен оларды күреске үндеді. Күрес-Махамбет поэзиясының негізгі тақырыбы болып табылады. Ол қазақ әдебиетінің ұлы мұхитындағы өзгеше бір сырлы арал. Өзінің «Мұңайма» өлеңінде хан әскерлерінің халыққа көрсеткен қиянатын айта отырып, жасымауға, берік болуға шақырады.

Ақ жұмыртқа сары уыз

Әлпештеп қолдан өсірген

Туған ұлдан не пайда-

Қолына найза алмаса,

Атаның жолын қумаса,-деп, болашаққа зор үмітпен қарайды. Қолына қару алып, ата жауға қарсы тұратын ұлдарға үміт артады. Ал «Бағаналы терек жарылса» өлеңінен дауылпаз ақынның халық кегін қуатын, теңдікті сұрайтын ұлды армандағанын көреміз:

Ханнан қырық туғанша,

Қарадан бір ақ тусайшы

Халықтың кегін қусайшы

Артымыздан біздердің

Ақырып теңдік сұрарға...

Міне, Махамбет ақынның осындай рухты, алмастай өткір жырлары халық санасына сахара тұрмысының мәңгілік алауындай шуақ беріп, жігерлендіреді, намысын оятады[3,145

4,6(97 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ