М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
lakomka2018
lakomka2018
26.10.2021 05:20 •  Қазақ тiлi

1. Түбір сездің соңғы буыны жуан, жіңішкелігіне байланысты қосымшалардың да бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып жалғануы
А) Буын саны
В) Буын үндестігі
С) Дыбыс ундестігі
D) Буын түрлері
Дам 15
1

👇
Ответ:
Milka210413
Milka210413
26.10.2021

Буын үндестігі - сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не жіңішке болып айтылу заңдылығы. Буын үндестігін ғылымда сингармонизм заңы деп те атайды. Қазақ тілінде сөздер бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келеді. Кейбір жағдайларда жуан және жіңішке дыбыстар аралас келеді. Бұл мұндай жағдайларда:

Басқа тілден енген сөздер(кітап, қадір, мұғалім т.б.)

Біріккен сөздер(бойжеткен, ба өз т.б.)

Қос сөздер(қыз келіншек, жоғары-төмен т.б.)

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларӨңдеу

Қазақ тілінде осы қосымшылардың бір тобы соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында қосылады.

Көмектес септік жалғаулары:-мен, -бен, -пен (доп-пен, дос-пен т.б.)

-нікі, -дікі, -тікі (апам-дікі, қойшы-нікі)

-жаң, -тай, -тал, -дар, -еке, -тар (аға-жан, шеше-тай, білім-дар, ата-еке, сезім-тал т.б.)

-хана, -стан, -кент, -күнем (дәрі-хана, Пәкі-стан, Шым-кент, пайда-күнем т.б.)

-кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -ғой, -гөй,- кеш -уар (қалам-гер, пәле-қор, өнер-паз, кәсіп-қой, кіре-кеш, сөз-уар т.б.)

-ов, -ев, -ин (Cейсенбеков-тің, Aлмабаев-тың). Мұнда қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады.

Қазақ тілінде басқа тілден енген сөз алдынан қосылатын бей- , би- қосымшалары да үндестік заңына бағынбайды (бей-берекет, бей-шара, бей-тарап т.б.) [1]

4,7(99 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
pasha19899p06z9m
pasha19899p06z9m
26.10.2021

ответ:1-тапсырма

Объяснение:

Батыр Баян -Мағжан Жұмабаевтын поэмасынын кейіпкері.Бұл поэмада Батыр Баян өте өжет ,батыл адам ретінде суреттелген.Батыр Баяннын бойындагы ең басты қасиеті Отанына,еліне деген сүйіспеншілігі.Ол қазақ халқының батыры және Абылай ханның ең жақын жауынгері. Оның мінезі отаншыл және өте намысқой.Онын намысҡойлылыгы поэмада кеңінен суреттелген.Ол Отаны үшін оз інісі Ноянды өлтіруге дейін барды .Ал Ноян қалмақ қызынын артынан еріп өз еліне сатқындық жасады.Бұл сатқындыққа шыдамаған Батыр Баян қалмақ қызын да ,інісі Ноянды да өлтіреді.Осыдан ак Баяннын намысшылдығын жане еліне деген махаббатын коруге болады.Ол Абылай ханнын қолбасшысы жане сенімді батыры. Ол қазақ халкынын ак туын устаган батыр .Поэманын сонында Батыр Баян шайқаста қаза табады.Оны ар ұяты жібермеді.Сөйтіп ол көп өкінді.Өкініштін кесірінен ол шайкаста өлуге бел байлайды.Бұл поэманын маңыздылығы оте зор..Ең бастысы ойланып ,шешім қабылдау .Қазақта «Жеті рет өлшеп ,бір рет кес » деген нақыл сөз бар ғой .Міне сондықтан да шешім қабылдамас бұрын ойлану қажет.

4,6(67 оценок)
Ответ:

Қазақта ежелден жерін жаудан, елін езгіден, қызын күңдіктен, ұлын құлдықтан қорғаған батырлары көп болған. Сонау заманда Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздан басталатын ерлік істер кешегі Желтоқсан оқиғасына дейін жалғасты. Олардың күрес жолдары мен ерен ерліктерінің бәрі Тәуелсіздік, ел, жер үшін болды. Осы жолда көптеген ер азаматтар тер төгіп, өз жандарын құрбан етті.

Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім қалып, ақ жүздерін қайғы жасы жуып, ащы зары мен мұңы дүниені күңірентті. Күрес жолында халқымыздың басынан өткерген небір қиындықтар мен қасіреттер, ерлеріміздің ерлігі тарихқа жазылып, халық есінде мәңгілік сақталып қалды.

Туады ерлер ел үшін,

Өлмейді ісі мәңгілік.

Өшпейді абзал есімдер,

Ұрпаққа жетіп мәңгілік, - деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай, батыр ағалары-мыздың есімдері, ерліктері жас ұрпақ санасында мәңгілік сақталатынына сенемін.

Қазіргі таңда біз, Тәуелсіз елдің жас өрендері үлкен күрес жолымен келген Тәуелсіздігімізді, елдігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін өнегелі тәрбие, терең білім алып, аянбай еңбектенуіміз қажет.

Объяснение:

Если мой ответ был полезным поставь лайк

4,4(41 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ