М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
olegvovchuk11
olegvovchuk11
16.03.2020 20:44 •  Қазақ тiлi

Ортак бір нүктені айналатын саны шексіз жұлдыздардың алапат улкен жүйесі ғарыш әлемі немесе галактика деп аталады. Аспандағы жай көзбен көрінетін самсаған 6000 жұлдыз біздің галактика деп аталатын бір ғана бөлікке енеді. Біздің галакти- када жай көзге көрінбейтін 200 миллиардтай жұлдыз бар деген болжам жасалды. Оған аспан күмбезін белдеулеп жатқан, шашы- рап төгілген сүтке ұқсас, ақшыл жолақ та кіреді. Бұл жолақты казактар «Құс жолы» деп атайды (суретке қара). Өтініш осыған қысқаша мазмұн керек‼

👇
Ответ:

Ғарыш әлемі немесе галактика дегеніміз саны шексіз жүлдыздар жүйесі. Галактика деп аталатын бір ғана бөлікке енетін жай көзге көрінетін жұлдыздар саны алты мыңдай. Ал, жай көзге көрінбейтін екі жүз миллиардтай жұлдыз бар деген болжам жасалған. Оған шашырап төгілген сүтке ұқсас , ақшыл жолақ та кіреді. Бұл жолақты қазақтар " Құс жолы" деп атайды.

Объяснение:

4,7(28 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
adonnush
adonnush
16.03.2020

Ежелгі түркілер өмір сүрген Ұлы дала.

Орта Азия – түркілер үшін қасиетті мекен. Өйткені,бұл жерден барлық түркі халықтары мен тайпалары өз бастауларын алады, олардың мәдениеттері мен тарихтары бірігеді. Түркілер көне заманда Хан Тәңірі мен Алтайды мекен еткен.Еуразияны жалпылама зерттеу барысында түркілер туралы, олардың тұрмыс-тіршілігі,соғыс әрекеті туралы ескерткіштер мен мәліметтер көптеп қалған.Осы бір ұлан-байтақ жерді мекен еткен түркілер ағылшындар,испан және голландықтар секілді өздері бастап халықты қырып,жоймаған.Керісінше,көрші елдермен бейбіт,мәдени және сауда-саттық қарым-қатынаста болған делінген.Қазіргі таңда түркілер туралы жазылған еңбектерден және олардың өмірінен мәлімет беретін картиналардан сауыт-сайман мен тұрмыстық бұйымдарын әшекейлеуге қола,күміс,алтын сияқты металдарды қолданғандығын көре аламыз.Ұлы дала көшпенділері сонымен қатар,өзіндік айшықты аңдық стильдерін жалпақ жұртқа таратқан,дамытқан.

Объяснение:

4,8(61 оценок)
Ответ:
elnur4ik2002
elnur4ik2002
16.03.2020

Әр адамның өз болмысына жақын, өзі ұнататын, бала күнінен еліктеп өсетін батыры болады. Бала күнімен халық ауыз әдебиетіне жақын болып, ертегі кітаптарды жастанып өскендіктен менің сүйікті қаһарманым тиісінше ертегі кейіпкері болды. "Ер Төстік" ертегісін оқып, ондағы Төсіктің ерекшелігіне қызығып, батылдығына тәнті болып өстім. Оның ағаларын іздеуі, қалыңдығы Кенжекей үшін күресуі ертегінің қиял әлеміне еріксіз елітіп әкететін. Ертегідегі Төстік - адал, батыл, бауырмал әрі махаббатына адал жан. Шалқұйрық атқа мінген батырдың ерекше болмысында ешкімде кездеспейтін қасиет, ешкімнен таныла бермейтін мінез бар. Оның дүниеге келуі де, өсіп ер жетуі де өзгелерден ерек. Бітімі бөлек Төстіктің бастан кешкен оқиғаларын оқып отырып өзім де сондай батыл, айтқанынан қайтпайтын адам болсам екен деп армандайтынмын. Кенжекей сұлуға осындай азаматтың бұйырғанына қуанып, іштей қызғатынмын да. Бала күннен сүйікті қаһарманым болғандықтан, өмірде де дәл сондай ер мінезді, өжет, досқа да, жарға да адал азамат кездессе екен дейтінмін. Ондай ердің отбасын ғана емес, бүтін елді қорғай алатынына, елі үшін қызмет ететініне кәміл сенетінмін. Бүгін де сол қиялдың жетегінде жүріп, Төстіктің бойына біткен мінез тек ер адамда ғана болмауы тиіс деп ойлаймын. Мінез, қасиет - бар.

4,6(21 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ