«Оливье» салатын дайындау тәсілі.
«Оливье» салаты әдетте Жаңа жыл символы саналып, көп отбасыларында Жаңа жыл қарсаңында көп мөлшерде әзірленеді. Әркімнің бұл салатты жасау тәсілі әртүрлі болуы мүмкін. Төменде біздің үйде жасалынатын рецептпен бөлісемін.
Керекті азық – түлік:
Картоп 3 – 4 дана (орташа);
Сәбіз 2 – 3 дана (орташа);
Жұмыртқа 6 – 8 дана (бірінші категориялы);
Шұжық (колбаса) немесе піскен ет 400 гр.
Тұздалған қияр 300 гр.
Көк бұршақ 1 құты
Майонез 4 – 5 ас қасық.
Тұз қалауыңыз бойынша.
Дайындалу барысы:
Алдымен жұмыртқаның сыртын жуып, үлкендеу ыдысқа картоп, сәбізбен бірге салып, су құямыз да, оны пешке қоямыз. Ол қайнағаннан кейін, отты ақырынға қоямыз да, 15 – 20 минут шамасында пісіреміз. Көкөністер піскенше шұжық пен тұздалған қиярды кішкене текше пішіндес етіп турап, үлкен тегешке саламыз. Піскен көкөністер суыған соң, оларды да кішкене текше пішіндес етіп тураймыз. Жұмыртқаның сыртын тазалап, оны да турап, тегешке саламыз. Бір құты көк бұршақ пен майонезді қосып араластырамыз. Дәмін көріп, тұзы аздау болса, сәл тұз қосамыз. Дайын салаттың бетін жауып, бір – екі сағат тоңазытқышқа салып қоямыз. Салқын күйінде дәмдірек. Астарыңыз дәмді болсын!
Үндестік заңы буын үндестігі дыбыс үндестігі деп бөлінеді.
Сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып айтылу зандылығын буын үндестгі дейміз. Буын үндестігін ғылымда сингармонизм заңы деп те атайды. Қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке буындардан құралған. Сонымен бірге қазақ тілінде сөз ішінде жуан, жіңішке дыбыстар араласып келеді.
Дыбыс үндестігі
Ауызекі сөйлеу кезінде дыбыстар бір-бірімен үндесіп, ыңғайласа айтылады. Мысалы: жанбады - жамбады, жанған - жаңған. Айтылуда б дыбысының әсерінен (б айтылуы жағынан ерін дыбысы) н дыбысы еріндік м дыбысына өзгерсе, екінші мысалда ғ тіл арты дыбысын тіл алды дыбысын тіл арты дыбысына ауыстырып тұр.
Дауыссыз дыбыстардың бір – біріне әсер етіп, үйлесе, үндесе айтылуы дыбыс үндестігі деп аталады.