отаным – алтын ұям бесігім
әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары , жолдастары ыстық болса, отан да солай да ыстық. «отан» десе ң жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. кез келген ұлт өкілдерінің өз отаны бар екені айдан анық. «отан үшін отқа түс - күймейсін» - деген мақал бар. расында да егер отан үшін жанынды қисаң, ол үлкен абырой. отан үшін өлген ң өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. тарихта мәңгі қалады.
отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол ң рухани деңгейінің биіктігі. дегенмен де отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.
менің отаным – қазақстан. қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. қазақстан жер көлемі жағынан дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады. әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. қазақстан тәуелсіз мемлекет. сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.қазақстан тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада қазақстан республикасының ұлттық валютасы «теңге» болып қабылданды. қазақ елі өте ған мемлекет. оны басқа шетелдіктерде мойындаған. себебі, қазақстан соңғы он жылдың ішінде түсті, көркейіп, өз жақсартып, ішкі – сыртқы саясатын дұрыстады. қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. қазақстан мұнай мен газ, қ өнеркәсібі өте бай ел. көмір де қазып алынады. қ өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. пайдалы қ негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. өзге шетелдіктермен саудаласып, .
қазақстан күн сайын , көркейіп жатыр. осындай елмен әрине мақтанасын. қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі елбасымыздың арқасында.
Жоқ, өлмеймін!
Көк дауылмен жағаласып кемеміз,
Көк мұхитта қақпақыл боп келеміз.
О, Жасаған!
Өстіп жүріп бір күні
Өлеміз-ау,
Өлеміз-ау,
Өлеміз!
Кейбіреулер соны неге ұқпайды,
Қадалады жүрегіме мұң-қайғы.
Мен де өлемін,
Менің бірақ есімім
Жазушылар тізімінен шықпайды!
Пендемін ғой, тау болсам да шөгер ем,
Гүлдей солам,
Бірақ қайта көгерем:
Тірілердің көзіне оттай басылар,
Талай-талай немерем мен шөберем.
Өліп-өшкен ғашық жігіт
Күніне
Мендік көзбен қарар сүйген гүліне.
Мен болмаспын,
Бірақ сөзім оралар
Сайрап тұрған шешендердің тіліне.
Жүрек неге,
Өкпе неге алқынды?
Қимайды ма өте шыққан бал күнді?
Әдемі әзіл бір кездері мен айтқан,
Әлі талай ду күлдірер халқымды.
Амал қанша!
Татар дәмім таусылды.
Қабірстан құшағымен қаусырды…
Жоқ! Өлмеймін!
Елім талай естиді
Лентаға жазып алған даусымды!
Кейбір жырым дән ұшырып қырманда,
Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда.
Жоқ! Өлмеймін!
Правом жоқ өлуге,
Сөз сыйлайтын халқым аман тұрғанда!
Второй:
Бабамыздың шоқ басқан табанымен
Бірдей екен жақсысы жаманымен:
Бір жаманы – тынымсыз көше берген,
Бір жақсысы – қимаған даланы кең.
Бір жаманы – жел сөзге ерген екен,
Бір жақсысы – тілге ерік берген екен.
Бір жаманы – кетпенге орашолақ,
Бір жақсысы – найзагер, мерген екен.
Бір жаманы – кешігіп әліппе ашқан,
Бір жақсысы – күйлері көбік шашқан.
Бір жаманы – қыздарын малға сатып,
Бір жақсысы – сүйгенін алып қашқан.
Бір жаманы – шаруасын маңдытпаған,
Бір жақсысы –қулықпен жанды ұтпаған.
Бір жаманы –үйленіп жеңгесіне,
Бір жақсысы –жесірін қаңғытпаған.
Тату-тәтті көршілер шыр бұзбаған,
Бірге тоңып суықта, бір мұздаған.
Бір жаманы –сонда да үй салмаған,
Бір жақсысы –абақты тұрғызбаған.