Бұрынғының балалары мен қазіргі заманның балаларында айырмашылықтары бар. Бұрынғы кезде олар бос уақытта не істеуші еді? Далада серуендейтін,аяқ киімі тозғанша жүретін,құлап тізесін жыртатын,жастықтан үй жасайтын,жаңа жылда түкке тұрғысыз сыйлық алса да қуанатын. Ал қазіргілер не істейді? Олар достарымен қыдырмайды,сөйлеспейді. Олар телефон ойнап,виртуальды әлемде виртуальды достармен сөйлеседі. Ол дұрыс емес,жалған әлем,бос сөз. Бұлай біз ешнәрсеге жетпейміз. Біз өзіміз ойлап тапқан әлемнің құлымыз. Йя,мен тек өзімнің балалық шағымның жақсы өткенін айта аламын.
Бірінші байлық - денсаулық , денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен айналысуымыз керек. Футбол ойнауда, шаңғы тебу де де, гимнастикамен айналысу да т.б. спортпен айналысу жатады. Тіпті, қар күреу, ағаш жару секілді үй шаруасын атқаруда спортпен шұғылданғандай пайда болады. Ал қыздардың үй сыпырып, терезе сүртіп ыдыс-аяқ жуғаны әрі анасына көмек, әрі денсаулығына пайдалы мұның бәрі қимылын қозғалысқа салауатты өмір салты үшін маңызды екенін көрсетеді.