М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
хочузнать2018
хочузнать2018
10.03.2020 04:52 •  Қазақ тiлi

1. Қазақстан қандай мемлекет? 2. Синоним сөздерді көрсетіңіз. 3. Сын есімнің шырай түрін белгілеңіз.Апамның пісірген ірімшігі өте дәмді. 4. Тура мағынада қолданылып тұрған сөзді көрсетіңіз. 5. Дерексіз зат есімді белгілеңіз. 6. Омонимдерді көрсетіңіз. 7. Езулік дауыстылардан жасалған сөзді көрсетіңіз. 8. Тіркес түрін анықтаңыз: Жұқа тақтай. 9. Тәуелдік жалғаудан соң жалғанып тұрған табыс жалғауын табыңыз. 11. «Қол ұшын беру» деген тіркестің түрін көрсетіңіз. 12. Ілік септігіндегі жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысу түрін анықтаңыз. 13. «Қой аузына шөп алмас» фразеологиялық тіркесінің антонимін табыңыз. 14. Жасырын тұрған табыс жалғаулы тіркесті көрсетіңіз. 15. Салыстырмалы шырайда тұрған сөзді көрсетіңіз. 16. Ұяң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөзді көрсетіңіз. 17. Қазақстанның тұңғыш астанасын көрсетіңіз. 18. Сөйлемді толықтырыңыз: Ата заң күні ... тойланады. 19. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алған жылды көрсетіңіз. 20. Бір ғана сөз есімдіктің бір түрін жасайды.. 21. Есептік сан есімді көрсетіңіз. 22. «Әдейі келу» сөз тіркесінің лексика-грамматикалық мағынасын көрсетіңіз. 23. «Мақсатым- тіл ұстартып, өнер шашпақ» - сөзінің авторы. 24. «Сыңар» сөзінің қай сан есіммен синонимдес екенін көрсетіңіз. 25. «Тайға таңба басқандай » деген тұрақты тіркестінің мағынасын табыңыз. 26. Тәуелдік жалғауының ушінші жағында тұрған сөзді табыңыз. 27. Лексика нені зерттейді? 28.Сөйлемді толықтырыңыз: Қазақстан Республикасының ... тілі - қазақ тілі. 29. Мақалды аяқтаңыз: Білім сандығы - … . 30. Тиісті қосымшаны жалғаңыз: Көкпар – ұлт... ат ойыны. 31. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігін алғанын анықтаңыз. 32. Сөйлемді толықтырыңыз:Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері - ... . 33.Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бекітілген жылын анықтаңыз. 34. Асты сызылған сөз сөйлемнің қай мүшесі екенін көрсетіңіз: Маусым айында сессия басталады. 35. Сіз тұратын өлкені көрсетіңіз. 36. Сөйлемді толықтырыңыз: Қазақ театрының тарихында сахнада қойылған тұңғыш пьеса ... 37. Тиісті тәуелдік жалғауын қойыңыз: Біздің оқу орны... . 38. «Қымбат» сөзінің антонимін көрсетіңіз.39. «Алғашқы» сөзінің синонимдерін көрсетіңіз. 40. Көптік жалғауы бар сөзді көрсетіңіз. 41. Зат есім нені білдіретінін көрсетіңіз. 42. Дұрыс жауабын көрсетіңіз: Кімнің оқулығы? 43. Сын есім нені білдіретінін көрсетіңіз. 44. Тиісті жұрнақты көрсетіңіз: Қазақ тілі 1989 жылы мемелекет... мәртебе алды. 45. «Мейірімді» сөзіндегі дауыстылар санын көрсетіңіз. 46. Реттік сан есімнің жұрнақтарын көрсетіңіз. 47. Жинақтық сан есімді көрсетіңіз. 48. Мұхтар Әуезовтің кім екенін көрсетіңіз. 49. «Главные персонажи» сөз тіркесінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз. 50. Мақалды аяқтаңыз: Көп сөз – көмір, аз сөз - ... . 51 «Не показываться в глаза» сөзінің аудармасын көрсет 52. Қазақтың діни мерекесін көрсет 53. Ж.Аймауытов кім? 54. «Наследство» сөзінің аудармасын көрсет 55. Негізгі үстеуді көрсет 56. Ы.Алтынсарин шығармасын көрсет? 57. Сөйлемді аяқта Радио тыңдарман үшін аса 58. Мәриям Сейдалина деген кім? 59. «Байланыс» дегеніміз не? 60. Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторын көрсет 61. Көп нүктенің орнына дұрыс сөзді қой Пластмассадан жасалынған бұйымдарды қиын 62. «Жер мен аспан арасындағы дастан» шығармасының авторы кім? 63. Көп нүктенің орнына дұрыс сөзді қой Ақын болып туады, болып қалыптасады. (Цицерон) 64. «Пима» деген не? 65. Нашақорлық сөйлемді аяқта 66. Сандық технология... тез алу үшін қолданылады. Көп нүктенің орнына дұрыс сөздерді қой. 67. Тәртіп жайлы мақалды көрсет 68. «Қатаң» сөзінің мағынасы 69. «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесінің авторы 70. Нақыл сөзді жалғастыр Екі тілді білген пройти тест правильно напишите ответы

👇
Ответ:
Obcenceee
Obcenceee
10.03.2020

все що змогла


1. Қазақстан қандай мемлекет? 2. Синоним сөздерді көрсетіңіз. 3. Сын есімнің шырай түрін белгілеңіз.
4,6(1 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ulyanakovoleva
ulyanakovoleva
10.03.2020

Күлтегін жыры (үлкен жазу) жер мен көктің және а ң жаралуы туралы философия толғаудан басталады (биікте Көк тәңірі, төменде қара жер жаралған да екеуінің арасында а жаралған). Бұдан кейін бүкіл а Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған мадақталады.

«Күлтегін» жырының авторы Түрік қағандығының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін зор мақтаныш сезіммен жырлайды. Сондай-ақ ақын Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң түркі елінің тағына дарынсыз қағандар отырғанын, халықты опасыз бектер мен жүгенсіз әміршілер билегенін күйінішке толы жыр жолдары арқылы жеткізген («Соңындағы інісі ағасындай болмады, Ұлдары әкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған екен, Жалтақ қағандар отырған екен»). Табғаш елінің алдауына көнген Түрік қағандығының бектері өзара араздасып, елдің ішкі бірлігіне көп нұқсан келтірді. Елде алауыздық туды. Түрік қағандығының іргесі шайқала бастады. Бұл өте қауіпті кезең еді. Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүргенін жырлай келіп, ол осы жолдан тайып, дұшпанға алданған сәттерінде: «Бек ұлдары – құл болды, Пәк қыздары – күң болды», – дейді. Міне, содан кейін Күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі.

Түркі әскерінің оғыз, соғды, түргештерге, т.б. қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген. Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінің әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: «Бастыны – еңкейтті, Тізеліні – бүктірді», – дейді. Сөйтіп, жырда Күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені «Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылык қылдым», – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: «Күлтегін» жырының басты идеясы – түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар – елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады.

Күлтегін жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды.

4,6(46 оценок)
Ответ:
малыш008
малыш008
10.03.2020

Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (Ф. вон Ріцһтһофен) бен А. Һерман (А Һерман) 19 ғасырда ұсынған.[1] Ұлы Жібек жолы - адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы ЫЫ ғасырдан басталған бұл жол, Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында, ВЫ ғасырдан бастап екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.

4,8(20 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ