менің жазғы каникулым өте қызықты өтті. жазғы демалысымды мектеп кезінде қатты күтіп едім, енді міне, сол демалыстың санаулы соңғы күндері өтіп жатыр. алайда, демалысымның тез аяқталғанына жабырқамаймын. себебі, мектептегі достарымды, ұстаздарымды қатты сағындым. каникулымның барлық күні қызықты әрі есте қаларлықтай өтті. әдетте көп демалыс күндерін басқа қалада өткізгенді қалайды. ал, мен демалыс күндерімді ата-анамның қасында өткізгенді қалаймын. себебі, сабақ күндері ата-анама қолұшымды жиі бере бермеймін. өйткені, олар менің сабақты жақсы оқығанымды қалады, басқа нәрсемен айналысып, көңілімнің бөлінуін қаламады. сол үшін демалыс кезінде барынша ата-анама көмектескім келеді. алайда, басқа қалаларға да әжеммен бірге жиі барып тұрамын. мен үшін туған жерімде өткізген демалыс күндерім өте қызық. менің бұл жақта достарым өте көп. біз ер болғандықтан, көбіне футбол ойнағанды жақсы көреміз. алайда, одан басқа түрлі ойын ойнаймыз. каникулдың ортасында ата-әжем тұратын ауылға барып қайтамын. ол жақ мен үшін тамаша мекен, каникул басталса мені әсте сол жақ тартып тұрады. неге екенін білмеймін? ! ол жаққа барсам, ата-әжемнің ерке немересіне айналған соң шығар. олар өте жақсы , мен барсам бар дәмдісін алдыма қояды. атам маған үнемі дана, ұлы ғұламалар айтқан сөздерді жиі айтып отырады. мен олардың барлыған жадымда сақтауға тырысамын. өйткені, ол сөздер ға дұрыс жол бағыттайтын сөздер. мен үшін ең ашық аспан ата-әжем тұратын ауылдың аспаны. жұлдыздар аспанда саң мыңдап түрлі пішін көрсетіп тұрған секілді. атам екеуіміз жетіқарақшыны санап, ауылдың салқын самалымен ұйықтап, шығыстан атқан күнімен бірге оянамыз. таңғы шайды тәттілеп ішіп, айраннан ұрттап, азаннан кешке дейін ауыл ойнаймын. ауылда менің достарым өте көп, біз түрлі ойын ойнаймыз.
Биылғы жылғы қызық оқиғалар
Биыл жазғы демалыс басталысымен мен ауылға кеткен болатынмын. Ондағы достарыммен талай қызықты бастан кештік. Солардың біреуін айта кетейін.
Күндердің бірінде біздің үйдің қой кезегі келіп, мені атам мен әжем қой бағуға жібереді. Мен жаныма досымды ертіп, біріміз атқа мініп, біріміз есекке мініп, бір отар қойды айдап кеттік. Жарты күн өтіп, түскі тамақты ішіп алған соң, досымның ұйқысы келіп, маған «кезектесіп ұйықтайық» деп, өзі жатып қалды. Мен біраз табиғатты тамашалап, қойларды бақылап отырғанымда қалай ұйықтап кеткенімді де білмеймін. Бір кезде оянсам, отар қойымыздың біреуі де жоқ. Досымды оятып, екеуміз не істерімізді білмей, әбден састық. Амал жоқ, ауылға қайта келуге тура келді. Не деп айтарымызды да білмейміз. Бір ауылдың қойы із түзсіз жоқ. «Енді қайттік?» деп еңсеміз түсіп келе жатқанда көрші үйдің қорасының алдында тұрған қойды көрдік. Не қуанарымызды, не жыларымызды білмей, қораға жақындап келсек, әлгі үйдің қойлары түгел орнында. Досым екеуміз аң - таңбыз. Бұл сонда қалай болғаны? Қойлардың өздері қайтып кетуі мүмкін емес. Сөйтсек, ауылда қалған достарымыз келісіп, осылай әзілдеспек болған екен! Мұны естігенде, әрине, алдымен достарымызға біраз ренжідік. Бірақ уақыт өте келе, бұл әзіл есте қаларлықтай оқиға болды.