М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Ланка30
Ланка30
20.04.2023 17:28 •  Қазақ тiлi

Қазақстанда музейлер тарихы 1830 жылдан басталады. орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 ж. неплюев әскери училищесі жанынан губерниялық музей ашылды. бұл мұралар қазіргі таңда қр орталық мемлекеттік музейінің негізгі қорын құрауда. қaзақстанда 1913 ж. музей болса, қазіргі таңда музейлер саны 154-ке жетті. оңтүстік мемлекеттік музей (1830) ә.қастеев атындағы республикалық өнер музейі (1935) “м. әуезов үйі” ғылыми орталық музейі (1962) қр ұлттық ғылым академиясы археология музейі(1973) ықылас атындағы республикалық халық саз аспаптар музейі (1980) үлттық валюта музейі (1993) мемлекеттік алтын және асыл металдар музейі (1994) президенттік мәдени орталық (2000) 2002 ж. мамыр айынан бастап “қазақстан музейлері” журналы шыға бастады. халықаралық музейлер кеңесінің 11-конференциясында 18 мамыр ‘‘халықаралық музей күні’’ болып белгіленді.

👇
Ответ:
vlada3108
vlada3108
20.04.2023

Перевод.

История музеев в Казахстане начинается с 1830 года. В 1831 году в Оренбурге при военном училище им. Неплюева открылся музей, основанный на историческом и этнографическом наследии местного народа. Эти эскпонаты в настоящее время составляют основной фонд Центрального государственного музея РК.

Если в 1913 году в Казахстане насчитывалось ... музеев, то сейчас их количество достигло 154.

Центральный государственный музей (1830)

Государственный музей искусств им. А. Кастеева  (1935)

Центральный научный музей «Дом М. Ауэзова» (1962)

Археологияческий музей национальной академии наук РК (1973)

Республиканский музей народных инструментов им. Ыкыласа (1980)

Музей национальной валюты (1993)

Государственный музей золота и драгоценных камней (1994)

Президентский культурный центр (2000)

С мая 20202 года начал выпускаться журнал «Казахстанкий музеи». На 11 конференции Совета международных музеев 18 мая было выбрано как «Международный день музеев».

4,4(30 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
valeralera200
valeralera200
20.04.2023

Ана тілді қадірлеп ұстайтын ұлттың болашағы жарқын. Себебі, тіл қай елде, жерде болмасын ең қасиетті де қастерлі. Тіл-әрбір тәуелсіз елдің мақтанышы, абыройы. Ол атадан балаға сақталатын киелі мұра. Тіл-баға жетпес қазына. Демек, әр ұлт, әр азамат өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауы тиіс деп білемін.

Менің тілім-қазақ тілі. Мен оның шұбарлануына, аяққа тапталуына әрдайым қасқая қарсы тұруға қауқарлымын. Қазақ тілім байлығым, рухани жан дүниемнің айнасы, Отанымыздың өсіп-өнуіне бірден-бір септігін тигізер мәңгілік мұра. Еліміздің болашағы-оның ана тілі. Ол әрдайым бізбен өмір сүрері әсте белгілі. Тіл біздің бақытымыз болса, тілдің бақыты-оның болашағының жарқын болуы, ұлтының оны қадір тұта білуі деп білемін «Ана тілі-халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»-деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, патриот азаматтың жүрегі қашанда тілі, діні болып соғуы тиіс. Себебі, қазақ тілі - Республикамыздың мемлекеттік тілі. Елімізде жүргізілетін іс-шаралар, құжаттар, қағаздар міндетті түрде мемлекеттік тілде болуы қажет. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де саналы ұрпақ пен көбейетіні бесенеден белгілі. Біздің мақсатымыз-әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің қатарында болу. Бұл көздеген мұратқа жету үшін,сауатты ұл мен қыз тәрбиелеу қажет. Ол дегеніміз - өз ана тілінде яғни қазақ тілінде еркін сөйлеп, оны тереңінен меңгере білген ұл мен қыз.

Әрбір адам өз ана тілінде сөйлеуге міндетті. Мен Отанымды,Тәуелсіз Қазақстанымды,қасиетті де қастерлі мекенімді, байлыққа, қазынаға толы жерімді, ең бастысы болашағы айқын, келешегі жарқын қазақ тілімді мақтан етемін.

4,6(31 оценок)
Ответ:
Venidiktova
Venidiktova
20.04.2023

Біздің заманымызға дейінгі IV-V ғасырларда тұңғыш рет асау тұлпарды тізгіндеп, даланың ерке тіршілік иесін елден бұрын ерттеп мінген, VIII-IX ғасырларда Ақыртастай жауһар қаланы салып, қыр астынан құбыр тартып, Мұзарттың мөлдір, бұлақтың бал суын тұтынған бабалардың даналығында шек жоқ. Бұл жайында күні кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты маңызды мақаласында да айтылды. «Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.

Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.

Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты» деді Ұлт көшбасшысы бұл туралы. Сонымен қатар рухты жансыздандырып, ғұрыпты материалдық дүниелерге тәуелді етуді көксеген нарық заманында әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, әз Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абайдай тағдырлы тарихымыздың тау тұлғаларын да тілге тиек етті. Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әпсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталатын «Дала фольклорының антологиясын» жасауды тапсырып, міндеттеді. «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деп қорытындылады Мемлекет басшысы мазмұнды мақаласын. Яғни, түп-тамырымыз, бастау-бұлағымыз болған ұлттық құндылықтарымызды асқақтата ұлықтайтын кез жетті деген сөз.

Тарқатып айтсақ, ұлт – ұл, перзент деген түбір сөзден құралған. Ұлдың мағынасы баршамызға белгілі. Ол ел қамын жейтін азамат болса, бүкіл елдің де ұлы. Ұл – түбірінен ұл мен қыз, ұлан, құлан, құлыншақ, ұланақ, ұлы, ұлық, ұлықтау, ұлыс деген сөздер дүниеге келді. Ұлы сөзі кез келген жақсы ұғымның апогейін білдіреді. Мысалы, ұлы дала, ұлы адам, ұлы тұлға, ұлы тау деп жалғаса береді. Демек, ұлттың аты артына арлы, иманды ұрпақ қалдырған, халқына қаяусыз қызмет еткен, жақсы ісімен ұрпағына үлгі болған сонау түкпірдегі Ұлы Атамыздың аты. Ал салт – ата салты. Ата-әжені сыйлаудан басталып, соңы әкені, ағаны және әрбір қазақ баласы өзінен үлкендердің бәрін құрметтеумен жалғасады. Мен қазақпын деген жанға бұл қағида ешқашан өзгермейді. Һәм тілі мен діні, дәстүрі де оның ажырамас бөлігі. Сол себепті, бабаларымыз бізге «Тілің тұғырың, дінің – діңгегің» деген ұлағатты өсиет қалдырған. Мұны әрбір қазақ азаматы бес саусағындай білуге және оны көзінің қарашығындай сақтауға тиіс. Онсыз біртұтас қазақ ұлтын сақтау – утопия. Жер бетінен ғайып болған ұлттардың бәрі осындай қарапайым қағиданы ұстана алмағандықтан жойылғанын ұмытпаған абзал.

«Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз», – деп Мемлекет басшысы айтқандай, бүгінгі ұрпақ бабалардың алдындағы рухани борышын адал өтеуге жауапты. Осы орайда, дана халқымыздың «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген терең мағыналы сөзі ешқашан өз маңызын жоймайтын тұжырым. Қазақтың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаев: «Ұлт тәрбиесі – баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Және әр ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесі мен тәрбие қылуға міндетті» десе, мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» – деп тайға таңба басқандай ақиқатты шындықпен нақтылаған болатын.

Осындай текті тұлғалардың бүгінгі ұрпағы, қазіргі жастар сол ұлттық құндылықтарды қаншалықты қадірлеп жүр? Салт-дәстүрді қаншалықты біледі, ұстанады? Елінің әдебиеті мен мәдениетіне, руханияты мен тарихына қалай алаңдайды? Бір сөзбен айтқанда, олар үшін ұлттық құндылық дегеніміз не? Сананы тұрмыс, моральді материализм билеп-төстеп тұрған бүгінгі нарық заманының жастарына осындай салмақты сауалдарды қойып, ой-пікірлерін білдік.

Объяснение:

4,7(64 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ