Ирония (гр. еіrоnеіа - келемеж,кекесін) - адамға зат пен құбылысқа сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы қарсы келіп, келекеге айналдыратын құбылту (троп) құралы, болмысты жоққа шығарудың бір түрі. Иронияға астарлы сықақ, іштей мазақ жатады (мысалы, қара кісіні "аппағым", пұшық адамды "қоңқағым" деу). Ирония 18 ғасырдың аяғында барынша дамыды. Еуропада - Вольтер, Г.Гейне, Ф.Франс, Б.Шоу, Ресейде Н.В. Гоголь, М.Е. Салтыков-Щедрин, В.В. Маяковский, А.Т. Твардовский, т.б. шығармаларында кеңінен қолданылды. Ирония қазақ әдебиетінде де көп кездеседі. Мысалы, "Айман-Шолпан" жырында Айманның Әлібекті, "Біржан - Сара" айтысында Сараның Жиенқұлды "Мақтауы". Абай иронияны әлеуметтік өмірдегі кемшіліктерді мінеп, шенеуге арнады ("Болыс болдым мінеки", "Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек", т.б.). С.Дөнентаев, С.Торайғыров, А.Тоқмағамбетов, О.Әубәкіров, Ш.Смаханұлы, Ғ.Қабышев, С.Адамбеков, т.б. Иронияға толы көптеген шығармалар жазды. М.Әуезовтің, Ғ.Мүсіреповтің, Ғ.Мұстафиннің прозалық туындыларында ирония молынан кездеседі.[1]
Ирония — риторикалық тәсіл, көп мағыналы металогиканың түрі. Мақсаты - сұхбаттасқан адамның әңгімесін жоққа шығару, теріс айналдыру. Мұндай жағдайда әңгіме мен оның астары сәйкес келмейді. Ирония сөйлемнің логикалық мағынасын өзгертеді және тілден тыс тірлікке де берекесіздік әкеледі, сондықтан ежелден бері ирония өмір сүрудің амалы ретінде пайымдалады. Аристотель "Үлкен этика" деген еңбегінде жорта сөйлеуші өзіндегі барды аз ғып көрсетіп, білген нәрсесін аитпайды дейді. Жорта сөйлеушінің үлгісі ретінде Сократты атауға болады. Ол өзін жорта төмендетіп, жүрттың басын айналдыратын еді, сөйтсе де, оның әңгімелерінде өз-өзін төмендеткен ұсқынсыздықпен қатар Құдайға тән мазмұн болатын. Кьеркегордың айтуынша, сократтық ирония дегеніміз - дағдылы өмір тәртібін жоқққа шығару, себебі ол өзінің идеясына сәйкес емес.[2]
Объяснение:
Дағды - автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет; көп рет қайталау жолымен қалыптасады. Оқыту процесінде, әсіресе, жалпы оқу дағдыларын, пәнаралық мәндегі, жазу дағдыларын қалыптастыру қажет.[1]
Дағды — алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуын дағды деп атайды. Дағды санасыз қайталау нәтижесінде де қалыптасатын іс-әрекет болуы мүмкін. Соның нәтижесінде ол автоматталған әрекетке айналып, оңай, шапшаң әрі дәл орындалып отырады. Дағдының физиологиялық негізі — динамикалық стереотип. Мысалы, алғаш жазып үйрене бастаған бала бастапқы кезде өзінің барлық қозғалыстарын санасымен бақылап, көптеген артық қимылдар жасайды (оның бет әлпеті, бүкіл денесі, аяқ-қолы бір мақсатқа бағытталады), біраз қинаһлады. Ал жазуға төселген адам өз қозғалыстарын байқамайды, оның орнына жазған нәрсесінің мазмұнына ерекше зейінін бөледі. Өйткені, соңғыда жазу дағдысы автоматталынған. Дағдылануда іс-әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компоненттері (құрамдары) ғана автоматталынады.
Объяснение:
Қалың орман арасында
Тастамайды төбесінен
Бұтақ -бұтақ ағашынан, Бұғы Олень