М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

Составить текст на казахском языке про новый год 6-7 предложений

👇
Ответ:
Лтвет
Лтвет
17.09.2020

Жаңа жыл туралы шығарма.

Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Жаңа жыл жақындаған сайын жан – жақтың бәрі безендіріліп, жаңа жылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешеді. Балалар Аяз атаға хат жазып, жыл бойы тәртіптерінің жақсы болғанын айтып, қалған сыйлықтарын күтеді.

Барлығымыз да Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетініміз құпия емес. Жаңа жыл жақсылық пен қуанышқа толы болып, армандарымыз іске асатын мезгіл деп те қабылдаймыз. Жасымыз есейе келе ертегіге сенбесек те, Жаңа жылдан бір ерекше сиқырды күтетініміз тағы бар.

Әдетте, Жаңа жыл - отбасымен тойланатын мейрам. Аналарымыз, апаларымыз, жеңгелеріміз алдын ала дайындалып, тәттілерін пісіріп, жаңа жылдық дастарқан әзірлейді. Барлығымыз осы кең дастарқан басында жиналып, әңгімелесіп, қалжыңдасып, бір – бірімзге сыйлықтар сыйлап, естелік суреттерге түсеміз. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Елбасымыздың құттықтауын тыңдап, келер жылға зор үмітпен қараймыз. Ал сағат он екіні соғысымен бір – бірімізді құттықтап, есік алдына мерекелік от шашуды тамашалауға шығамыз.  

4,5(67 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Nr2006
Nr2006
17.09.2020
Кітапхана — мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана ба з шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға ба з шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Кітапхана атқаратын міндетіне, кітап қорының құрамына және жұмыс әдісіне қарай екіге бөлінеді: а)көпшілік; ә) ғылыми және арнаулы.

Көпшілік кітапхана — оқырманға қоғамдық-саяси, кәсіптік, жалпы білім беретін басылымдарды ұсынады.Ғылыми және арнаулы кітапханалар ғылым салалары мен белгілі бір ұйымдарға (мекемелер, оқу орындары, т.б.) қызмет етеді. Кітапханалар жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ерте заманда пайда болған.[1]Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырдың ортасында Ассирия патшасы Ашурбанипалдың сарайында қыш тақталарға жазылған жазбалар жинағы сақталған. Көне кітапханалардың ішінде Александрия кітапханасы әлемге әйгілі. 9 — 11-ғасырларда Бұхара, Самарқанд,Отырар, Үргеніш, Мерв қалалары ғылыми және әдеби кітап қорларымен аты шықты. Ұлы ғұлама әл-Фарабидің туған қаласы Отырарда Александриядан кейінгі әлемдегі екінші ең ірі кітапхана болған деп есептеледі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында барлығы 11300 кітапхана (2003) жұмыс істейді.
4,7(22 оценок)
Ответ:
никто273
никто273
17.09.2020
Біздің мектепте кітапхана бар.Кітапхана кең, жарық және таза.Кітапханада   оқулықтар және  әдеби кітаптар көп.Мектеп кітапхананың атқару қызметі үлкен.Кітапханаға оқушылар келіп ,қажетті мәліметтер жаздырып алып отырады, білімдерін толтырады.Мектептің кітапханасында көптеген іс шаралар өткізіліп тұрады.,,Кітап білім бұлағы ,, Туған елім Қазақстан ,, деген сияқты іс шаралар өткізілді.Кітапханада  адам кітап оқып білім алады.Кітап білім бұлағының көзі..Кітапхана халық қажетіне жарап ,ғасырлар бойы жасайды. 
4,8(52 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ