Етістік - заттың іс-қимылын білдіреді. Етістік - "не істеді?" , "не қылды?" , "қайтті?" сұрақтарына жауап береді. Етістік мысал: істедім-істеді-істедік, жаттым-жатты-жаттық, жасадым-жасады-жасадық, тықтым-тықты-тықтық, итердім-итерді-итердік, сүйдім-сүйді-сүйдік т.с.с. Сын есім - заттың түрін, түсін сапасын, сипатын, көлемін білдіретін сөздер. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мағынасына қарай Сапалық және қатыстық деп бөлінеді. Тұлгасына карай:Негізгі жане Туынды деп бөлінеді. Зат есім - дегеніміз заттың,құбылыстың,ұғымның атын білдіріп,кім? не? кімдер? нелер? деген сұрактарга жауап береді.
Жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүру – өмір заңы. Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, қайырымды адамдардан мейірімділік, алақандарынан жылулық сезімін күтетін жандарды күнделікті өмірде жиі кездестіреміз, телехабарлардан көреміз. Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», – дегендей, кісілікті ту етіп, адамгершілікті биік ұстау, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямау, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныту – екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» – деген екен халқымыз. Мұхаммед пайғамбарымыз да бір хадисінде: «Кім Алла үшін бір жетімнің басынан сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады»,– деген. Бұл өмірде жасалған ешбір жақсылық та, жамандық та ешқашан жерде қалмақ емес. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып, жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық.
Олар жоғары шықты.