Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күнімен құттықтау.
Сіздерді Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Тәуелсіздік» ұғымы кімнің болмасын бойында мақтаныш сезімін оятып, ұлтжандылыққа жетелейтіні анық. Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз, әрбір адам кеудесін көтеріп, мақтанып айтатын қасиетті ұғым. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
Сонау ата-бабаларымыздың, аға-апайларымыздың рухын таптамас үшін, кейінгі ұрпақ тыныш елде мекен етсін деп ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап қалған жер үшін, Атамекен ел үшін еңбектерін, төккен терлерін зая кетірмес үшін біз өз Тәуелсіздігімізді мықты әрі берік етіп сақтау - біз үшін міндет.
Сондықтан Сіздерге тілерім - Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын! Желтоқсанның ызғарлы желі енді соқпасын! Бейбіт заманда өмір сүріп, аспанымыз әрқашан ашық болсын! Бір шаңырақтың астында тату – тәтті өмір сүріп, еркіндігімізді сақтайық! Еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсейік! Тәуелсіз Қазақстанымыз жасасын! Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Менің атым Диана. Мен он үш жастамын. Өзінің балалық шағым туралы айтқым келеді. Мен жиырма бірінші тамызда екі мыңшы жылда Жайрем ауылдағы емханада тудым. Менің туы мды үш отбасы күтті, олар:менің анам және әкем,олардың ата-аналары, өйткені мен олардың бірінші немере болдым. Мені Диана ханшайымның атымен атады. Мен жарқын, ден салығы мол, боп өстім. Анам мен өте көңілді болғанымды айтқан. Балалық шағымда мен өте томпақ болдым, сондықтан еңбектеуді үйренбедім. Жүруді мен бір жаста үйрендім, қолымен бесіқ арбаны ұстап. Балалық шағымда мен фотография түсіруді және ән айтуды ұнадым. Балалық шағым өте бақытты және ұмытпайтың болды. Мен бәрі жақсы көрді және еркелетті