М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
упс121
упс121
09.03.2020 18:33 •  Қазақ тiлi

Написать сочинение "абай - улы акым" (нет каз. раскладки) 10 предложений . уже сделанное ответ в комментах

👇
Ответ:
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.Қысқаша шолуОсындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз,Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. ,Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетіненГете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.
4,4(18 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
cvetlana15a
cvetlana15a
09.03.2020

Бірінші, журналистика мамандығын қалаушы жас талапкерлерді оқуға қабылдау барысында олардың жазу шеберлігі мен сөйлеу мəдениетіне барынша назар аудару қажет. (Бұл жерде шығарма жаздырып, газет бетіне жарияланған бірді-екілі мақаласына қарап, болашағынан «зор үміт» күтудің қажеті жоқ. Шығарманың мазмұнымен қатар тілдік-стильдік ерекшелігіне баса назар аудара отырып, талапкердің сөздік қор, тіл байлығына тереңірек мəн берілуі керек).

Екіншіден, кейінгі кездері журналистика мамандығын даярлау барысында мемлекеттік стандартта көрсетілмеген деген желеумен оқу бағдарламасынан алынып тасталған «Журналистің сөйлеу мəдениеті», «Шеберлікке баулу», «Мамандандыру» сияқты тағы да тілге, стильге, сөйлеу, жазу шеберліктеріне қатысты пəндерді толықтырып, қайта кіргізу қажет. (Себебі бұрындары «Радиохабарлар тіл стилі», «Телехабарлар тіл-стилі», «Мерзімді ба өз тіл-стилі» жеке-жеке пəн ретінде өткізілетін. Бұлай өткізу болашақ журналиске БАҚ-тың əр саласы бойынша еркін дайындалып, аталмыш мамандықтың өзіндік ерекшеліктеріне сай сөйлеу, жазу машықтарын меңгеруіне кең мүмкіндіктер беретін).

Үшіншіден, арнаулы орта мектептерде 10–11 сынып оқушыларын журналистік мамандыққа баулитын факультативтер ашылса. (Бұл, əрине, біраз мектептерде бар болғанымен, тұтастай дəстүрге айналған жоқ. Өйткені журналистика əліппесімен мектеп қабырғасында жүріп танысқан талапкерлерлің мамандықты игеру барысында көп қинала қоймайтыны белгілі).

Ұлттық журналистика мамандарын даярлау барысында біршама тəжірибелерді байқай отырып, көз жеткізген анық бір мəселе — жас талапкердің сөйлеу (жазу) мəдениеті отбасы, балабақша, мектептен қалыптасып, дамып жетілетіндігі. Бай ауыз əдебиетіміздің інжу-маржандары аңыз-əфсана, ертегі-əңгіме, жыр-дастандарымен сусындап өскен жеткіншектің көкірегі күмбірлеп, сөз əлемінде қиналмай еркін қанат қағатындығы. Əйтпесе қазіргі алмағайып заманда кекілі күнге күймей, табаны жерге тимей тас еденде ойнап өскен ұрпақтың сөзі де, ойы да жұтаң болатындығын уақыт көрсетіп отыр.

Кез келген журналист тіл мəдениетін сақтауы керек. Əдеби тіл сөйлеу тілінен нəрленсе, ба өз тілі сөйлеу тіліне əсер етеді. Ба өз тілінің дəрежесі əдеби тілдің де, сөйлеу тілінің де сапасының өлшемі. Сондықтан журналистер тілдік қорды байыту үшін көркем əдебиетті көбірек оқып, тіл тазалығы мен ой дəлдігін үйренуі керек.

Əл

4,7(2 оценок)
Ответ:
Даша2002111111
Даша2002111111
09.03.2020

Сөз мәдениеті» қазіргі әдеби тілдіңжұртшылық таныған, үлгі тұтқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталай беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру «Сөз мәдениетіне» жатпайды. Кірме сөздердіорынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану «Сөз мәдениетіне» нұқсан келтіреді. «Сөз мәдениеті» сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. «Сөз мәдениеті» теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктер манызды орын алады. 

4,8(74 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ