Сүйіспеншілік деген не?
Сүйіспеншілік – тіршіліктің негізгі тірегі. Жалпы, менің ойымша, сүйіспеншілік – жақындарымызға, қоршаған ортамызға, бір сөзбен айтқанда, барша әлемге махаббатпен қарау. Сүйіспеншілік ұғымының аясы өте кең. Айналамыздағы келеңсіз жағдайлар мен кедергілерді жеңуге көмектесетін де осы сүйіспеншілік. Бар жан дүниесі, жүрегі сүйіспеншілікке толы жан ешқашан жамандық ойламайды, себебі ол бақытты жан, оның рухы кемелдік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, жайсаң жандар осы бақытымен барша әлеммен бөліскісі келіп, алып – ұшып тұрады. Осындай асыл жандар тек жақсылық ойлап, игі істермен айналысып, айналасына мейірімін төгіп, көңіл нұрымен шуақтандырып тұрады. Жүрегі сүйіспеншілікке толы жандар жанымызды жылытып, өмірімізге сән береді.
Сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп-көре бастайды. Мейірімін төккен ата-анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне жүріп, өмірге төселеді. Есейе келе толағай сүйіспеншілікті айналасынан көру-көрмеуі екіталай. Әйтсе де, адам өмір бойы сүйіспеншілікті іздеп, дауыл алдындағы шағаладай шарқ ұрып өтері анық. Ендеше, сүйіспеншілікті өмірлік ұстанымызға айналдырып, барлығымыз бақытты болайық!
Жылқы туралы диалог құрастыру.
Аманжол: Досым, сенің сүйікті жануарың не?
Мұратбек: Менің сүйікті жануарым – жылқы.
Аманжол: Неліктен?
Мұратбек: Оның екі себебі бар. Біріншісі – өзім жылқы жылы дүниеге келгем, ал екіншіден - қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны жылқы. Жылқы – малдың патшасы. Атам да ауылда жылқы өсіреді.
Аманжол: Ия, жылқылар ерекше ақылды жануар ғой. Маған да жылқа ұнайды.
Мұратбек: Ал саған неліктен жылқы малы ұнайды?
Аманжол: Жылқы - қасиетті жануар ғой. Бұрынғы кезде аңыз – дастандарды оқысақ, батырлардың жылқыларының аты болған екен. Қобыланды батырдың Тайбурылы, Алпамыс батырдың Шұбар деген аты болған. Бұл аттар жәй аттар емес, жүйрік, сұлу, әрі батырдың ең жақын досы бола білген.
Мұратбек: Ия, дұрыс айтасың.
Аманжол: Оның үстіне жылқының қымызы қырық ауруға ем деп айтып жатады.
Мұратбек: Сонымен бірге ат үстінде көп жүрген адам буын ауруына шалдықпайды екен.
Аманжол: Кеше ғана ғаламтор беттерінен « жылқылар бізді қауіптерден қорғайды. Бұрындары ата-бабамыз жылан жоламасын деп қастарына жылқы байлап жатқан» дегенді оқып, жылқылардың адамдарға сондай пайдалы екеніне таң қалдым. Осындайды естідің бе?
Мұратбек: Жоқ, естімеппін. Ия, жылқы малы – қастерлі жануар ғой.