Тілашар - қазақ халқының балаға арнап өткізетін қуанышқа толы тойларының бірі. Тілашар тойы бала ең алғаш мектеп табалдырығын аттап, ұстаз алдына баруына орай өткізіледі. Әр бала 7 жасқа толған соң білім ордасына барады. Бұл тойға барша ағайын-туыс шақырылады.Бұл күні балаға жаңа киімдер кигізіледі. Көпшілікпен бірге тойланады. Себебі, халқымыз баланың білім алып, еліне елеулі үлес қосар азаматы болғандығын қалайды. Тілашар тойында үлкендер балаға бата береді. Барша жиналғандар балаға өздерінің ақ тілектерін арнайды.
Мұғалім менің арманым. Мұғалім мамандығы ең беделді, құрметті және жауапты мамандық. Бұл мұғалім жасайды ел, өйткені, оның дамуы көп жағдайда білімді жас ұрпақ. Мұғалім мамандығы ерекше шақырылымдар. Тәрбиемен және оқытумен айналыса алады тек адамдар бейімділігімен және махаббатпен іс. Мұғалім өз білімін беруге басқа, увлекаться өзі процесін оқыту және тәрбиелеу. Жетістігі, көбінесе оның іскерліктер жолға қою, дұрыс қарым-қатынасы, балалармен. Мұғалім үлкен талаптар қояды оның назарына. Мұғалім бүкіл сыныппен, және оған қажет ұстап көру көптеген оқушылары. Қолдана білуі байқауға барлық өзгерістер олардың мінез -. Сам перевод на русском:Учитель моей мечты. Профессия учителя одна из самых уважаемых, почетных и ответственных профессий. Можно сказать, что учитель создает будущее страны, так как от его труда во многом зависит развитие знаний у молодого поколения. Профессия учителя требует особого призвания. Воспитанием и обучением могут заниматься только люди со склонностью и любовью к этому делу. Учитель должен передавать свои знания другим, увлекаться самим процессом обучения и воспитания человека. Успех во многом зависит от его умения наладить правильные взаимоотношения с детьми. Работа учителя предъявляет большие требования к его вниманию. Учитель работает со всем классом, и ему необходимо держать в поле зрения многих учеников. Он должен уметь замечать все изменения в их поведении.
Қазақта би болмаған» дейтіндердің аузына біржолата құм құйылды. Олай дейтініміз, көнеден келе жатқан ұлттық «Қара жорға» биі әйгілі Гиннесстің рекордтар кітабына алтын әріптермен жазылды. Ғасырлар қойнауында қалып, бертін келе арамызға қайта оралған осынау би үлгісі бүгінгі ұрпақтың орындауында тіпті жандана түскендей. «Қытайдағы ұлтжанды қандастарымыз 10 мыңдай адамның басын қосып, «Қара жорғаны» бір деммен орындап шығыпты» деген хабарды ел-жұрт бірден іліп әкетті. «Қара жорға» болмаса, тойдың сәні келмейді» демекші, бүгінде қазақтың көп жиындары мен той-томалақтары осы бір ерекше, ғажап бисіз өтпейді. Әйтсе де біз көп жағдайда өзіміздің түп-тамырымызға үңіле бермейміз. Соның салдарынан қаншама құндылықтарымызды күнделікті игілігімізге пайдалана алмай отырмыз. Себебі бүгінгі қазақтың баласы кешегі өткен тарихына мұражайлық экспонат ретінде қарайтын сияқты. Осылайша, бізде ұлттық мұраларымызды экзотика ретінде ғана қабылдау қалыптаса бастады. Десек те, мұндай қасаң қағидаларды өзгертіп, ұлттық өнерге деген жаңаша көзқарас қалыптастыруға әбден болады екен. Мұны 10 миллионға жетер-жетпес қазаққа «Қара жорғаны» серпіле билеген әлгі 10 мың биші дәлелдеп бергендей. Еліміздің басына екіталай күн туғызған сонау бір зар-заман нәубет жылдары қазақ қазақ болғалы бергі рухани байлығымыздан кәдімгідей ажырап қалдық. Қылышынан қан тамған Кеңес өкіметі де қазақтың небір жауһар дүниелерін өз қолымен жоюға тырысып-ақ бақты. Әйтсе де жылдар өте келе етек-жеңін жиған Алаш жұрты Тәуелсіздік алғаннан кейін шетте шашылып жүрген қандас бауырларын азат шаңырақ астына жинап, біріктіре бастады. О баста «оралман» деген атқа ие болған қандастарымызбен бірге бірте-бірте ұлтымыздың сан жылдар бойы жоғалып кеткен құндылықтары, салт-дәстүрлеріміздің кейбір нұсқалары мен өнері ортамызға қайта оралып, сәнін беріп әрі мәнін ұқтыра бастады.Бөркімізді аспанға атқызған «Қара жорға» да атамекеніне оралған қазақтармен бірге келген мол қазынамыздың бірі еді. Енді, міне, сол мұрамыз мерейімізді үстем етіп отыр. Әдетте әр халық өзінің бір өнерімен өзгелерден ерекшеленіп тұрады.