Объяснение:
Хақназар хан тұсында Ташкент маңын Баба сұлтан билеген. Баба сұлтан үнемі Абдолла ханмен соғысқан болатын. Хақназар хан бұл жағдайды пайдаланады. Екі жағдайда да кезек кезек екеуінде қолдап отырды. Баба сұлтан қазақ хандығына бірнеше қаланы береді, сол кезде қазақ сұлтандары оны қолдайды. Кейін Баба сұлтан қазақтардың Абдолла ханды жақтамақшы болғанын біліп қойып, қазақ сұлтаны Жалымды, оның екі ұлын, Хақназар ханның екі ұлын өлтіреді. . Кейін оның астыртын жіберген адамы 1580-жылы Хақназар ханды өлтірді.
Біз көктемгі демалысты қала маңында сыныппен бірге өткізуді асыға күттік. Бұл керемет күн болды. Күн жарқырап тұрды, көктемде жылы болды, тыныш. Автобусқа отырғанымызда жүрек қуанышпен соғатын. Біз таныс аймақты өттік, бірақ көктемнің бұл күні бәрі біз үшін жаңа және таңқаларлық болып көрінді. Біз пикник үшін өте көрікті жерді таңдадық: жақын жерде өзен мен орман бар. Қызықты ойындар, көңілді ойындар, әндер күні бойы толтырылды. Өзен жағасында қыздар волейбол ойнап, ұлдар орманның шетінде футбол ойнады. Шығар алдында көптеген адамдар сапарға арналған ең жақсы сурет конкурсына қатысты. Кешке үйге қайттық, көңілді әрі риза болдық. Содан кейін біздің суреттеріміз бәріне көктемнің керемет күнін еске түсірді. Мұндай сапарлар жиірек болады!
Жақсы дос – жан азығы. Досқа деген сыйластық сезімі – әр адамның бойында бар қасиет. Сыйластық сезім достар арасында берік орын алса, адам ешқашан жалғыздық көрмейді. Достардың бір-біріне деген құрметі зор болса, ол қиындықтан шығуда да, өмірдегі мақсатына жетуде де үлкен демеу болмақ.
Ол үлкен өмір жолынан өткен, тәжірибеде жинақталған, қиындықта сыналған сыйластық болса, анағұрлым берік болмақ. Көп жылдан бері қыры мен сырын білетін, өмірдің талай сынында жаныңа серік болып, үнемі қасыңнан табылатын дос туысқаныңдай болып жүрегіңнен берік орын алады екен. Халық даналығында «Киімнің жаңасы, достың ескісі жақсы» деп бекер айтпаған.
Достық - адамдардың бір-біріне адал, өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қайшылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос - жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі заңды. Мысалы, біреуінде қызбалық, екіншісінде, тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз дос осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі.