Адамдарға ғарышты игеру үшін :
1)Мықты техникалар керек, онсыз мүлдем бұл жоба іске аспайды.
2)Ғарышқа арналған техникаларды арнайы түрде меңгерген немесе жетік білетін мамандар қажет.
3)Ғарышқа ғарышкеме арқылы ұшатын ғарышкерлер керек. Ғарышкерлер арнайы дайындықтан өтеді. Мықты дайын болған адам ғана ұшуға рұқсат алады.
4)Ғарышты зерттеу қазіргі кезде қолдан келмей жатыр, себебі ол өте ауқымды, ал қазіргі техникаларымыз сол ғарыштың тек бір бөлігін игеруге ғана қауқарлы.
5)Ғарышты ғарышкерлерсіз де игеруге болады, яғни сол жаққа арнайы жасанды техникаларды жіберу арқылы. Ол техникалар жерде басқарылатын болады.
6)Ғарышта әр ел түрлі техникаларды апарып жатыр, бұл ғарышты зерттеуге көмегін тигізеді.
Болашақты болжай білген бабалар.
Екі миллион сегіз жүз мыңдай шаршы квадратты алып жатқан қазақ елі болмысынынан кеңпейіл,қонақжай,батыр да батыл,дана халық екенін білеміз.Бұл қасиеттермен қатар қазақ халқының болашақты болжаушылық қасиеті де таңқалдырмай қоймайды. «Өткенді білмей,болашақты болжай алмайсың» демекші,әрине,болжау көпті көрген,білген адамның қолынан ғана келеді.Осыдан мындаған жылдар бұрын қазақ халқының басына небір нәубеттер түскенде ел жанашылары,белді тұлғалар елдің болашағын күңірене болжаған еді.Солай елдің ертеңін ойлаған Асан қайғы:
Мұнан соң қилы-қилы заман болар,
Заман азып, заң тозып жаман болар.
Қарағайдың басына шортан шығып,
Бабалардың дәурені тәмам болар,— деп таусылуы орынды еді.Қазіргі таңда он сегіз миллиондай халқымызбен ата - бабамыз тек жақсылыққа болжап кеткен дүниелерді жүзеге асырып жатқандығына мен сенемін.