«Менің Қазақстаным»
Қазақстан – бар қазақтың киелі туған жері,
Қазақстан – қазағымның туған елі.
Кен байтақ Қазақстандай жерде туған
Қазақтың Тәңірі берген несібесі!
Алматы бұл бұрынғы астанамыз,
Алатаудай тауы бар асқаралы.
Нұрсұлтандай арысты туған өлке
Бақыттың баршасы басталады.
Астана - бәйтеректің қаласындай,
Астана - бұл қазақтың панасындай.
Елге ғана осындай даласы бар
Астанадай жас қала жарасымды - ай!
Қазақстан - бұл біздің Отанымыз,
Қазақстан – бұл біздің ардағымыз.
Кең байтақ Қазақстандай жерде туған
Біздің сірә, барма екен арманымыз?!
«Туған жерім»
Күн шуағы өзіңнен нұр береді,
Туған жерім сол нұрмен түрленеді.
Кең байтақ Егеменді туған жерім,
Елбасының еңбегімен гүлденеді.
Ақорда - Алашымның астанасы,
Бәйтерек - ең үлкен баспанасы.
Даласында Сарыарқаның самал ескен,
Мұның бәрі қазақтың байлығы екен.
Елбасына
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады.
Орындалып арманы,
Халқымыз да ажарлы.
Осының бәрі әрине,
Елбасының арқасы.
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)
Күн күледі
Жер түледі( Көктем)
Бұлтты айдап желдеткен
Нөсерлетіп селдеткен
Жаңбырлатып ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Көктем)
Ақ сиыр тұрып кетті
Қара сиыр жатып қалды (Қыс пен көктемнің ауысуы)(Переход зимы и весны)
Бірінен-бірі батыр сегіз батыр
Жаралғалы соғысып келе жатыр
Кезек-кезек жығысып,алысады
Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр (Қыс,жаз,көктем,күз,ай мен күн,жақсылық,жамандық)
Жайы-жайы, жай кілем,
Жайылып жатқан бір кілем,
Түр-түр кілем,
Төгіліп жатқан кір кілем.( Көктемдегі жер )(земля в весне или земля весною)