22 наурыз мерекесі құтты болсын!
Ата, асқар таудай ақылшым, бұл күні берген ақ батаң қабыл болсын! Немере-шөберелеріңнің қызығын көріп, көпті көрген тағылымыңмен бала-шағаның бағдаршамы болып жүре бер! Төрт түлігің ақты болсын! Өрісің малға, үйің жанға толсын!
Әже, тәлім-тәрбиенің көмбесі, өнегең мен тәлімің түгесілмесін! Наурыз мерекесі саған дүниенің бар жақсылығын әкелсін!
Әке, Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз саған көктем күнінің күшін әкелсін! Шаңырақтың сүйеуі, отбасының тірегі болған сүйікті әкем, саялы бәйтеректей алақаныңнан жылу кетпесін!
Ана, 22 наурызда шаңырағымызға береке, ырыс кірсін! Әз Наурыз әлемді тербеткен ақ жүрегіңе қуаныш пен шаттық сыйласын! Бала-шағаңның қызығын көруге жазсын!
Бауырым, тай құлындай тебісіп бірге өскен ардақты жан, 22 наурыз күні арманың орындалып, көктем саған бар жақсылығын әкелсін! Отбасының еркесі, жанарымыздың нұры, ата-ананың ақ үмітін ақтап, өмірден өз орныңды тапқайсың!
Объяснение:
Болама?
Жай сөйлем: Мен далаға шықтым. (я вышел на улицу) - хабарлы, жай, жакты сөйлем
Құрмалас сөйлем: Сәкен үйге келгенде, анасы жұмыс істеп отыр екен (Когда Сакен пришел домой, его мама работала) - мезгіл сабақтас құрамалас, екі сөйлемі де жақты, екі жай сөйлемнен құралған