Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.
Тарыдай болып кірген күніңізден бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да, махаббатқа тәрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де ұстаздар қауымы. Таудай болып шыққан күніңізде де талабыңызға тілекші болып отыратын тағы да ұстаз.
Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірт. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім.
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күні сізді құшаяқ жая қарсы алған аяулы жанның екінші анаңыздай болып кетерін сезініп көрдіңіз бе?! Әрине, жоқ. Бірақ әрбір күн өткен сайын жаныңыздан табылып, әр аптаның жеті күнінде жеті рет көрісіп, көңіл ұясына тұрақтап қалған ұстазға деген махаббат өлмек емес.
Қыс
Қыс мезгілі де келіп жетті. Айнала ақ ұлпа қарға оранып, аппақ болып жатыр. Қыс мезгілінде аяз болғанымен, бұл балалар үшін өте қызық мезгіл. Себебі, балалар қыста шаңғы мен коньки теуіп, төбешіктен шанаға мініп сырғанайды. Енді кейбіреулері қардан аққала жасап, басқалары қар лактырысып ойнайды.
Қыс мезгілі сонымен қатар барша адам тағаттана күтетін Жаңа жыл мерекесімен ерекшеленеді. Жаңа жыл алдында оқушылар кезекті демалысқа шығып, армансыз ойнап, біраз тынығады.
Зима
Настала зима. Все вокруг покрыто белоснежным снегом. Хоть зимой и морозно, но всё же это самое весёлое время для детворы. Потому что, дети катаются на лыжах и коньках, скатываются с горки на санках. Некоторые лепят снеговика, а другие играют в снежки.
Зимой также отмечается Новый год, праздник, который все ждут с нетерпением. Перед новым годом все дети выходят на каникулы, играют вдоволь и отдыхают.
Аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Ақ әжелер» ансамблі бар, жетекшісі – мәдениет қайраткері Нүри Сүлейменов. Ауданда, облыста өтетін түрлі шараларға қатысып қана қоймай, төсек тартып, ауырып қалған ата-әжелеріміздің көңілін сұрап тұрады.
Бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі – жас отбасыларын ажырасудан сақтап қалу. “Ене жақсы болса, жас отбасы ажыраспайды, бала жақсы болса, ата-ана қарттар үйіне бармайды”. Биылғы жылы алғаш рет «Отбасы күні» аталып өтті. Соған байланысты аудандық, облыстық баслымдарға «Үлгілі отбасы» айдарымен мақалалар берілді. Аудандық «Нұрлы Көксу» газетінің ұйымдастыруымен «Отбасы – мемлекет уығы» деген тақырыппен ток-шоу өткіздік. Жиналған халық қуанып, жылап тарқасты. Себебі, айта алмаған ойларын ене де, келін де, жас жігіт те «бет перде» арқылы ашық жеткізді. Бұл көрініс әркімнің санасына ой салды. Отырған көпшілік етек-жеңін жиып, кемшілікті өздерінен іздей бастады. Қалай десек те, көш басында аталар мен әжелер келеді. Қариясы бар ел, қазынасы бар ел емес пе? Ауыл-ауылды аралап білгенім, түйгенім, көптеген отбасы ата-енелерімен тұрады екен. Яғни, бұл келіннің жетістігі, ененің кемеңгерлігі.
Қазан айын қарттарды құрметтеу айлығы деп жатырмыз, олай болса, кіші буынға айтарымыз, қарттарды құрметтеңдер, барымызды бағалай білейік. Аға буынға айтарымыз, дұрыс қартая білу де өнер. Себебі, бізге қарар көз көп, көш те бізге қарап түзеледі. Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетейік, ағайын!