Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
-Сәлеметсізбе құрметті Қайрат Нұртас!, мен журналистпін, өтінемін өзіңіз туралы айтып берсеңіз. - Мен 1989 жылы 25 ақпан күні Қазақстанның Түркістан қаласында дүниеге келдім. Әйелім бар. Әйелімнің есімі Жұлдыз, үш балам бар Сезім, Алау және Нарұл. Мен қазақ тілінде Шәмшә Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ержан Серікбаев секілді көмпозиторлардың әндерін орындаймын. Менің продюсерім менің анам- Гүлзира Айдарбекова. - Өзініз орындаған әндерден өзінізге қайсысы ерекше ұнайды? - Маған барлық әндерім ұнайды, бірақ сүйікті әндерім: Ауырмайды жүрек ауырмайды, және Ол сен емес.- Қанша жасыңызда сіз алғаш сахнаға шықтыңыз?-Алғаш рет мен сахнаға 9 немесе 10 жасымда шықтым. Әртүрлі шығармашылық ұжымдармен жұмыс жасадым, соның ішінде М. Беспаевпен, Н.Өнербаевпен, Т. Серіковпен және басқалары. - Сұхбат бергеніңізге көп-көп рахмет, сау болыңыз! -Сау бол!
Дина тоғыз жасқа келгенде , ұлы күйші Құрманғазы іздеп келеді.