М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Zahar4472
Zahar4472
03.03.2020 13:40 •  Қазақ тiлi

Сделайте эссе на тему менин бос уакыт

👇
Ответ:
RedomR
RedomR
03.03.2020
Ашуым басылып, сабырлық оралып, өз сабама түстім… Бірақ, бар ашумен келген ойларым жоқ боп кетті… Бірдеңені түсіндім, бірақ нені екенін әзірге білмеймін…Сіздермен бірге түсініп көрсем қалай қарайсыздар? Тек, күлмеуіңізді өтінемін…Уақыт деген сөзді әркім әрқалай қабылдаса керек, әркімге оның құндылығы әртүрлі де. Уақыт дегенді “өмір” деп түсінсе қалай екен?! Енді қараңыз, сізбен бір уақытта кездесуге келістік. Сіз кездесуге бірер сағат қалғанда кездесуге келе алмайтыныңызды айтып хабарластыңыз. Сонда не болды дейсіз, сіз сізге бөлінген менің “өмірімнің бір мезетін”=уақытымды “жойдыңыз”. Ия, дұрыс қой(!), бізге тәуелсіз жағдайлар да боп тұрады, оны да естен шығармаймыз ғой. Десе де, уақыт белгілемес бұрын басқа қосалқы жағдайларды есере отырып белгілеген дұрыс деп ойлаймын – өз уақытың мен өзгенің уақытына бармақтай болса да сый/сыйластық ретінде.Енді, адамның уақытқа деген көзқарасы “өмірлік фазалардың” қайсыссында қалыптасады? Мен де бір күні ана болармын, сонда балама уақыттың не екенін қалай және қашан түсіндерер едім?! Ең бастысы, айтқаныма ісім сай болуы керек болар ия?! Бірінші “фазаларда” уақыт деген “қазір”, “ертең”, “сосын”, “ерте-кеш”, т.т сөздермен өлшенсе керек, кейін есею барысында өзің біле бастайсың ғой “2 сағат”, “түнгі 1″, “таңғы 4″, т.т уақыт өлшемдерін. Ата-ананың рөлі қандай?! “Кешікпей кел” деген не? Бұл ой бұрын да болғандай/айтылғандай – дэжавю? :)Бос уақыт… Дем-алысқа бөлінген уақыт деп түсінген дұрыс емес сияқты, біртүрлі. Бос уақыт – бос уақыт, ешкіммен, еш нәрсемен “толтырылмаған” уақыт. Сонысымен қызық та… Қалай жұмсаймын десең солай жұмсайсың – бос құмыра сияқты, немен толтырғаныңа байланысты өзіңе қайтады. Жәй мысал, артық уақытты дем аласқа/ұйқыға кетірдің – өзіңе пайдалы, шаршаған ми/дене тынығып қалады(сізден басқалар да дем алуы керек қой, анда-санда); кітап оқыдың – қазір пайдасы көрінбегенімен, сөз алысың, ой өрісің, тіпті білім деңгейінің өзгергенін бірер уақыт өте көресің; достарыңмен кездестің – көңіл көтердің, бар жиналған шеріңді шығардың, басқаның көзқарасын байқадың – өзіңмен салыстырдың; мексикан сабыноперасын қарадың – жылап-сықтап, ертесін ұмытып кеттің; тағысын тағы толып жатқан бос уақыттың қолданысы.  Ал, менің бос уақытым қайда кетіп жатыр?Негізі бұл ойлар “өз уақытың” мен “өзге уақытының” арасындағы айырмашылықтан басталған еді.Болды енді :) Ары қарай қазбалаудың қажеті шамалы :)Түсінгенім бұрыннан белгілі, өзіме де өзгеге де… Уақыт – қайтып оралмайды, сіздің де менің де :) “Қазір” мен “тура қазірдің” ортасындағы баланста жүру деген қандай…
4,7(65 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Magic0825
Magic0825
03.03.2020
Қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы – саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы – қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы – жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер. 

Қазақстан жерінде таралуы, түрлер мен эндемиктердің топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлі. Республиканың осыншама бай өсімдіктер дүниесі түрлердің биологиялық, экологиялық, эволюциялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлібірлестіктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.

"Дала қызғалдақтары"

Қазақстанның жазық бөлігі орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдеріне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақ – республика жер аумағының 2,04%-ын алып жатыр, 54Әс.е-тен жоғары Көкшетау мен Петропавл қалаларының маңында орналасқан. Орман түзуші түрлер: жылауық қайың, талдың бірнеше түрлері, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т.б. бар. Бұл белдемнің шалғындық және далалық телімдерінде алуан түрлі шөптесін өсімдіктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететін қауымдастықтар таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлінеді: 1) оңтүстік ылғалы аз қоңыржай жылы орманды дала белдемі – сұр ормандық топырақта қайыңды-теректі, теректі ормандар, ал қара топырақта шалғынды-далалық экожүйелер орналасқан; 2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала белдемі – қайыңды-теректі шоқ ормандар мен қара топырақтағы алуан-түрлі және астық тұқымдасты шөптесін өсімдікті далалық экожүйелер таралған.

Далалық аймақ еліміздің жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аумағы 110,2 млн. га, батыстан (Еділ-Жайық өзендері аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-Тарбағатай тау бөктері) 2500 км-ге созылып жатыр. Далалық флораның құрамында 2000-нан астам түр бар деп шамаланады. Оның 175-і – эндемиктер. Негізгі басым түрлер: қау (боз), сонымен қатар бетеге, тобылғы, қарағай, аласа бадам.

4,4(56 оценок)
Ответ:
данил2080
данил2080
03.03.2020

Алдыңғы шығарылымдарда біз қазақтардың ежелгі музыкалық аспаптары туралы жазған болатынбыз. Бүгін де олар туралы аз-кем сөйлесуді жөн көрдік. Шынында да, кеше ғана, қатал кеңес дәуірінде ұлттық құндылықтарды жаңғырту біз үшін онша көп болған жоқ - олар туралы кез келген ақпаратты жинау тіпті қиын болды. Қазақтың музыкалық аспаптары туралы құнды зерттеулер басқа тілдерде жазылған. Сондықтан дәстүрлі музыкалық аспаптардың атаулары өзгерді. Көшпелі өмір салтын жүргізген ата-бабаларымызда көптеген музыкалық аспаптар болған. Олардың барлығы халықтың рухани, мәдени дамуына өз үлестерін қосты. Музыкалық аспаптар барлық жерде: серуендеу кезінде, ұлттық мерекелер мен әскери жорықтар кезінде қолданылды. Осы құралдарға тағы да тоқталайық.

Үрмелі музыкалық аспаптарға ауа ағынымен дыбыс шығаратын барлық музыкалық аспаптар жатады. Біздің ата-бабаларымыз ежелден-ақ үрмелі музыкалық аспаптарды қолданған. Олар ағаштан, сүйектен, мүйізден, темірден, саздан жасалған. Қазақтың үрмелі аспаптарына сыбызғы, сазсырнай, өзек, узкірік, борғу, жылқышық, тастауық, буғышық, муйыз сырнай т.б.

4,7(26 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ