Объяснение:
Дүкен сөрелеріндегі гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды барлығымыз тұтынамыз.Оның зиян екеніне де мән бермейміз.Себебі ол тағамның дәмінің тәттілігіне қарап,алып тұтына береміз.Біздің бұл әрекетіміз дұрыс емес.Себебі адамға өз денсаулығы қымбат.Сондықтан біз бір тамақты алып тұтынбас бұрын,сыртқы қабықшасындағы құрамын оқып алуымыз қажет. Мысалы құрамында:соя,трансгендік бұршақ пен трансгендік қызанақ секілді заттар болса,оларды алмауымыз керек.Және де гендік өзгеріске ұшыраған тағамдардың құрамында біз білмейтін көптеген жануарлардың гені болады.Ал олар адам денсаулығына неше түрлі ауруларды алып келеді.Мысалы,іш ауруы,семіздік секілді ауруларды тудырады.Және аллергия беруі де мүмкін.Сондықтан мен сыныптастарыма және басқа да жақындарым мен өзге адамдарға бұл гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды мүмкіндігінше мүлдем тұтынбауға кеңес беремін.Ал егер оларды тұтынуды тоқтатпасаңыз өміріңізге,денсаулығыңызға зиянын келтіреді.Сондықтан мен айтқан кеңестерге құлақ түріңіздер!(130 сөз көлемінде болды)
Объяснение:
Бұл менің ойым, егер сіздер дұрыс деп санамасаңыздар, жазудыңда, артық сөз айтудың да қажеті жоқ!
Марс (Қызылжұлдыз) — Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы 4-ғаламшары; Жер тобындағы планеталар қатарына жатады. Орташа диаметрі 6800 км, массасы 6,423.1023кг, орташа тығыздығы 3,97 г/см3, бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 3,76 м/с2. Марс Күнді эллипстік орбита бойымен 24,2 км/с жылдамдықпен айналады, Күннен орташа қашықтығы 228 млн км (перигелийінде 206 млн км, афелийінде 249 млн км). Марс, Күн және Жердің өзара бірдей қашықтықта орналасуы орташа есеппен 780 тәулікте қайталанады. Бұл Марстың “қарсы тұрыс” периодының қайталануы. Марстың қарсы тұрысы Марс орбитасының перигелийі маңында болған кезде ол Жерге ең жақын болатын 56 млн км қашықтыққа келеді. Осы кезде Марс 24 – 25° бұрышпен көрінеді, ал ондағы 60 – 100 км-лік заттар телескоппен қарағанда байқалады. Осындай кезді “ұлы қарсы тұрыс” деп атайды. Бұл 15 – 17 жылда тамыз айында (кейде шілде не қыркүйекте) қайталанады. Марс бетіндегі тұрақты жарық және қоңыр дақтар Марстың өз осінен айналуын бақылауға мүмкіндік береді. Марстың осьтік айналу периоды (жұлдыздық күн тәулігі) 24 сағ 37 мин 22,7 с. Марстағы жыл мезгілдерінің ауысуы және климаттық белдеуге (полюстік, қоңыржай, тропиктік) бөлінуі Жерге ұқсас. Бірақ Марстағы әрбір жыл мезгілі Жердегіден гөрі 1,9 есе ұзақ болады