Қанша байлық жисаң да, бұйырғаннан артық жей алмайсың...
«Қанша байлық жисаң да, бұйырғаннан артық жей алмайсың» деп түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл Қорқыт Ата айтып кеткендей, әр адамның өзіне тиесілі несібесі, яғни ризығы болады.
Атамыз қазақ бұл жөнінде «Бұйырған кетпес, қуған жетпес» деп бекер айтпаса керек. Бұл дегеніміз бізге бұйырған несібе тек өзімізге тиесілі, басқа ешкімге кетпейтінін білдіреді. Дегенмен, бүгінгі таңда көпшілік бұл сөзді түсініп, ескере бермейді. Мысалға, үлкен кісілер үйлерінде бір – екі айға жететіндей азық – түлігі, киім – кешегі, қаражаты бола тұра, ертеңге күнін уайымдаумен өтеді. Бұл дұрыс емес. Сондықтан да бұл қу тіршілікте дүние – мүлік жинаумен ғана айналыспай, адамгершілік қасиеттерге көп көңіл бөлсек екен.
Адам мәдениетінің алғышарты-дұрыс сөйлей білу. - Предпосылка человеческой культуры - умение правильно/красиво говорить.
Түсіне білгенге сөйлей білу де өнер. - Тому, кто понимает, умение говорить тоже исскуство.
Тілін білмеген-түбін білмейді. - Тот, кто не знает свой язык - ничего не знает
Ондай адам күлдірем деп күйдіреді,сүйсіндірем деп сүріндіреді,білдірем деп бүлдіреді,қунтам деп қуартады,келтірем деп кетіреді,жұбатам деп жылатады. - Такой человек может обжечь, пытаясь пошутить, пытаясь вызвать восхищение - может опозориться, пытаясь научить - он только испортит, попытаясь привлечь внимание - только отобьет его, и пытаясь утешить - сделает только больнее.
Біздің қазақ:"Аталы сөз-баталы сөз"дегенде,осы дұрыс сөйлей білуді айтқан. - Когда наш предок-казах говорил "Назидательное слово - слово получившее благословение", то он имел ввиду искусство красивого слова.