Менің сүйікті тағамым
«Ас адамның арқауы» демекші, дәмді тағам ішкенді бәрі де ұнатады. Бірақ әркімнің сүйсініп жейтін тағамдары болады. Мысалға, мен ет тағамдарын жақсы көремін, әсіресе, ұлттық тағамымыз етті сүйсініп жеймін. Анам мерекелік күндер мен туған күндерге үнемі ет асып, үлкен дастарқан жаяды, бұл біздің отбасылық дәстүріміз десем де болады. Әдетте, қамырды анам қолдан жайып, сорпаға етпен бірге картоп пен сәбіз салып пісіреді. Ал тұздығына пияз бен сәбіз қосып дайындаған ұнайды.
Дегенмен ет асып, табақ тартқанның да ежелден келе жатқан өзіндік мән – мағынасы бар, соған тоқтала кетсем.
Ет - халқымыздың аса қадірлі қонаққа ұсынылатын кәделі тағамы. Сыйлы қонақтарға қойдың басын немесе ірі қараның шекесін, табақ - табақ ет тартады. Әр адамның жасы мен дәрежесіне сай түрлі мүшелер тартылады. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Осы табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды.
Ет тағамдарына сонымен қатар қуырдақ, сірне, жаубүйрек, борша, қарын бөртпе, әсіп, жөргем, қимай, ми палау жатады.
Ал соғым сойылып жатқан кезде дайындалатын қуырдақтың дәмін айтсаңызшы, тіл үйіреді...
Объяснение:
Дәрігер болу- менің арманым, Дәрігер- ол өзінің адамдарға берген шипасы,ол адамды сауықтырып ,адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар! Соған 'Ақ халатты абзал жандар!'' деп халық жәй айтпаған,Дәрігер болуды армандап жүрген адамдар көп,бірақ ол үшін мамандық алу ғана жеткіліксіз,Адам өміріне деген жауапкершілік,адалдық және үлкен жүрек керектігі сөзсіз,Дәрігер болу менің бала кезден ойлап жүрген арманым деп айтылды ғой,болашақта жаны ауырған адамдарға менің көмегім тисе, мен өзімді бақытты жан деп бағалар едім,Ал, сол үшін, менің арманыма қосатын үлесім ол- білім алу,Білім- ол дәрігер болуға баратын баспалдақ деп ойлаймын,Сондықтан қазіргі барлық жігерімді білімге,сабаққа салу керек,Мектепті жақсы бітіріп,дәрігер мамандығын таңдауға да болады!