Ертеректе бір адам болыпты.Ол өзіне қарамайтын,денсаулығын ойламайтын,ақымақ болыпты. Өзіне деген көзқарасы нашар болғаны соншалық, айналасында болып жатқан ешбір жағдайға назар аудармапты. Орта жасқа келіп, денсаулығы мүлдем нашарлап кеткенін сезген соң, ауруханаға баруды жөн көреді. Сөйтіп, жолда келе жатып, жерден ақ түсті кішкентай құтыны тауып алады. Ақ түсті құты күнмен шағылысып, әлгі адамның назарын өзіне аударады. Құтыны жерден алып, ішіндегі затты қолына салады. Ол оны бір емдік дәрі екен деп ойлайды. Оны еш ойланбастан қалтасына салып алып,ауруханаға жол тартады. Ауруханада оны тексеріп, спортпен айналысуға және пайдалы, таза өнімдерді пайдалануға кеңес беріп шығарып салады. Үйіне келе салып әлгі қалтасына салған дәріні алып, бірден жұтып, артынан су ішіп жібереді.Мынаны қараңыз, дәрінің дәмі неткен тәтті, осындай дәрілер көп болса күнде іше беретін еді ғой дейтін ойға келеді. Мына ғажапты қараңыз, қас қағым сәтте екі иығынан періштенің қанатындай әппақ ұзын қанат пайда болады. Ол сыртқа шығып, көкке қарай ұшып кетеді. Аспанды ұнатқаны соншалықты, мәңгілік қалықтап жүре бергісі келеді. Бір сәтте оның есіне балалық кездегі армандары мен мақсаттары түседі. Өмірінің неге үш жүз алпыс градусқа өзгергенің түсінбей дал болады. Аспанға қалықтау, оның бұрынғы қалпына келуге септігін тигізеді. Ол жерге қона салысымен, ертеңгі күннің жоспарын жасай бастайды. Сонымен тағы да бір жайма шуақ күн басталды, таң атты. Төсекте ұйықтап жатқан әлгі адам, терезеге қарай сала бірден орнынан тұрып , беті қолын жуып, тамақтануга кірісті. Тоңазытқышты ашып, ішінен майлы әрі зиян тағамдарды алмақшы болып еді, кейін дәрігердің айтқандары есіне түсіп, оның орнына көкөністер мен жемістерді алды. Сыртқа шығып спортпен айналысты. Өзінің мақсаттары мен армандарына жету жолында өз өмірін біртіңдеп қолға ала бастады. Бірнеше жылдан соң, денсаулығы жақсарды. Кітап оқитын болды, соның арқасында білімі толықты. Бұрынғы ақымақ,денсаулығы нашар адамнан еш танымастай өзгеріп кетті. Осы бәріне себепші болған әлгі дәрі ме? Әлде қанат па? Жоқ, бұған себепші болған оның көкке самғаған кездегі дүниенің неткен ғажап екенін көруі. Өзінің өмірің неліктен босқа өткізіп жүргенің ойлап, бір сәт өзіне өзі сұрақ қойып, сол сұраққа жауап іздеуі. Сонда әлгі құтының ішінде қандай емдік дәрі болғаны. Шын мәнінде бұл ешқандай да емдік дәрі емес, жай ғана тәтті кәмпит толы құты болған еді. Адамның қиялының ұшқыр болғаны соншалықты, затты қалай ойласа, солай қылып көз алдына айналдырып алуға болады. Бұл ойлау жүйесіне қатысты болып табылады.
Әр адам өзің өзгерте алады, бастысы денсаулық пен білім маңызды екенін ұмытпаған жөн.
Ол қалалық, аудандық, ауылдық, өнеркәсіптік, энергет. Э. ж. болып, сондай-ақ электр энергиясын тарату, қоректендіру желілері болып та ажыратылады. Электр энергиясын алысқа таратып жеткізу үшін жоғарылатқыш трансформатор ст-нда ток кернеуі жоғарылатылады. Кернеу артқанда ток күші кемитіндіктен, қуат шығыны азаяды, сөйтіп өткізгіш сымдардың жуандығын дардың жуандығын жіңішкерту мүмкіндігі туады. Төмендеткіш қосалқы ст-нда кернеу тұтынушылардың пайдаланылуына қажетті шамаға дейін төмендетіледі. Белгілі бір кернеулі токты өзгеріссіз қабылдауға әрі бөліп таратуға арналған қосалқы ст. бөліп таратушы деп аталады. Әр түрлі кернеулі Э. ж-н өзара қосу үшін желілік қосалқы ст-ларда орнатылған жоғарылатқыш және төмендеткіш трансформаторлар қолданылады. Қосалқы ст-ларда трансформаторлардан басқа коммутациялы аппараттармен жабдықталған жоғары және төм. кернеулі бөліп тарату және бақылау, басқару құрылғылары болады. Әрбір Э. ж-нің электртех. жабдықтары жұмыс істейтін номинал кернеумен сипатталады. Біздің елде пайдаланылатын номинал кернеулер: 220/127, 380/220 және 600 В және 3, 6, 10, 20, 35, 110, 150, 220, 330, 500, 750 кВ; қ. Аспалы электр линиясы, Трансформатор.
Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі Қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет танасүтімен кірмейді. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы.
ХХ ғасырдың ұлы жемісі – Қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата-бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз - ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде – ұлт та жоқ.
О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде...
Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – Қазақ тілі.
Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Туған тілбіздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан “Ана тіліміз” дейміз. Қазақтар “Ананың тілі” деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді білу - әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте, – дейді талантты ақын Қадыр Мырза Әли ағамыз.
Анамның тілі – ардақтым менің. Адамның атасы, әкесі мен шешесі сенсің. Сен менің кішкентай кезімде әкем болып мойныңа отырғызып қуандың, ат үстінде алдыңа алып, мені көкке секірттің. Жел болып кекілімнен сипадың.
Тілім, ана тілім менің, адамзатымның тілі, сен менің анам болған кезіңде көкірегіңе жабысып, төсіңнен ақ сүтіңді емдім. Сен менің ағам, інім, әпкем, қарындасым, бауырларым болған кезіңде мен сені одан әрмен түсініп, ұғынғым келді. Адамзаттың Абай мен Мағжан сынды асқар алыптарын туғызған, әкелері мен аналары болған ұлтымыздың тірегі сенсің, туған тілім. Бірақ, менің терім “туған тілім” сен үшін ғанатөгілсін, менің өмірім сен үшін ғана өрілсін! Олай болса, ана тілімізді алдымен өзіміз құрметтейік, ардақтайық! Сонда ғана туғантіліміздің туы биіктерде желбіреп тұратын болады...