М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
sviktoria77777
sviktoria77777
08.08.2020 07:45 •  Қазақ тiлi

Синтаксический разбор предложения ол сыныпқа кіріп, бәрімізге бір қарап шығып, әр оқушыны түсіне қоятын.

👇
Ответ:
katy1231231233
katy1231231233
08.08.2020
Ол - бастауыш 
сыныпқа - пысықтауыш
кіріп - баяндауыш,
бәрімізге - толықтауыш 
бір қарап шығып - баяндауыш
әр - анықтауыш
оқушыны - толықтауыш
түсіне қоятын - баяндауыш.
4,7(66 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Flaen1
Flaen1
08.08.2020
Мен үшін бұл жазғы демалысым ерекше өтті десем артық айтқаным емес.«Жас Өркен» өмірімен тығыз байланысты көшбасшылар білетіндей, маусым айында «Жас Өркен» қосымша білім беру орталығы 5-күндік лагерь ұйымдастырған болатын. Осы 5 күн ішінде облысымыздың түпкір-түпкірінен жиналған жас көшбасшылар көп жылдарғы достардай, бір шаңырақтың астында жұмылып, жыл бойы білген жаңалықтары мен қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті. Өз басыма бұл лагерь қатар жүрген достарымды жаңа қырларынан тануға үлкен мүмкіндік берді. Әлі күнге дейін лагерь фотосуреттерін қарап, сол керемет күндерді сағына еске аламын. Бірақ, уақыт зымырай шығып, лагерьмен де қоштасуға тура келді. Әйтсе де, сол қызықты демалысымы сағынышпен аңсаймын... Қанша тоқтатқын келсе де, уақыт зымырай берді, зымырай берді… Сондай жазғы кештердің бірінде Алматыға «Молодежный Банк Идей Активінен»(жасы 15-24 ар.барлық жастардың әлеуметтік жобаларына 500$-дан аса грант беретін ұйым) 3 күндік семинарға шақыру келді. Бұған дейін Банкте Програмдық менеджер мен Пресс-менеджер қызметін атқарған мен, өзіме тың жаңалыққа ие болам деген ниетпен, ат басын Алматы жаққа бұрдым. Семинар жаңа технологиялар мен интернет желісінің мүмкіндіктеріне, әлемдегі ең тиімді де қызықты жобаларына арналып, көптеген қонақтар шақырылды. Тағы бір қызығы, бұл семинарға бармас бұрын мен «Сорос-Қазақстан қорына» Алматыда өтетін жазғы «Эвергриния Республикасына» өз мақаламды жіберіп, жауабымды күтіп жүргенмін. Сөйтсе, дәл осы семинарға шақырылған қонақтардың ішінде Сорос қоры да болып, менің лагерьге өткенімді хабарлады. Бір емес, бірнеше қуанышқа кенеліп, Оралға аттандым. Көп күттірмей, 5-інші тамыз да келіп жетті. Орал қаласынан жалғыз мен барыппын. Ұшақтан түскен сәттен бастап-ақ Сорос қызметкерлері мен жаңа ғана Қызылорда қаласынан ұшып келген Акбота құшақ жая қарсы алды. Ақбота менің алғаш танысқан Эвергриниялық досым болғандықтан, күні бүгінге дейін арамыз үзілмей, сол мезеттерді сағына еске аламыз. Жалпы лагерьде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан елінен 150-ден аса бала болды. Еліміздің атың байқасаңыз – Эвергриния. Ever – мәңгілік, green – жасыл, яғни мәңгі жасыл мекен деген мағынаны білдіреді. Бұл лагерьдің басты мақсаты, балалардан өз бетінше шешім қабылдай алатын үлкен азамат тәрбиелеу еді. Сол себепті, алғашқы күні әрбір Эвергриниялыққа 30 гриннан берді(елімізде сом, теңге, сомони секілді ақшалар колданылмайтын). Келесі күннен бастап әрбіреуіміз өз қалаған жұмыстарымыздың кастингтарына қатысып, жұмыс жасай бастадық. Бірі саясатқа бет бұрса, бірі бизнеспен айналысуды қалады. Мен болсам өз кәсібімді журналистика, кейін бизнеспен байланыстырғанды жөн көрдім. Атап айтқанда, жергілікті Эвергриния телеарнасының жүргізушісі, «Вестник Эвергринии» газетінің корреспонденті, «Green Top SHOP» дүкенінің иегері де болып үлгердім. Тағы айта кететіні, күнделікті университетте оқитынбыз. Лагерь соңында мен Юриспруденция мен Журналистика факультеттерін бітіріп шықтым. Сенсеңіз, әрбір жүріп-тұрған сайын ақша төлеу қажет еді. Тіпті күнделікті асымыз да 4-5 грин тұрған болатын. Сондықтан, әрқайсысымыз жұмыс жасап, білім алып, «заман» талабына сай маман болуға тырыстық.Осы 12 жыл ішінде, ия-ия, сіз қателескен жоқсыз, 12 жыл ішінде, өйткені біздің елімізде 1 күн 1 жылға теңестірілетін, сан-алуан қызық өтті. Елімізге Қырғызстан, Тәжікстар, Қазақстаннан кезінде Эвергриния елінде болған, Қырғызстанның атақты «ДисГормония» рок тобы, дебат пен интернет жүйріктері қонақ болды.
4,5(37 оценок)
Ответ:
Marièfar
Marièfar
08.08.2020

Менің туған күнім

Бүгін менің  туған күнім. Мен он бес жасқа толып отырмын. Бұл күнді асыға күттім. Үйде ата - анам бауырларым сағат түнгі он екіден бастап құттықтап, маған тосын сый жасады, сыйлықтарын сыйлады. Мен өте қатты қуандым.

Таңертеңнен бастап көңілім көтеріңкі болды. Анам мен әпкем тәттілер әзірлеп, бүгін қонақ күтуге дайындалуда. Сабақтан келіп мен де оларға көмектесе кеттім. Кешке үйге қонаққа ағайын - бауырлар келеді. Жаңа әдемі көйлегімді  кидім.

Қонақтар маған ақ тілектерін айтып, түрлі сыйлықтар ұсынды. Әпкем  маған арнайы үлкен торт пісірген болатын. Ол өте дәмді шығыпты.

Туған күнім ойдағыдай өтті. Енді демалыс күні достарыммен кездесіп, тағы туған күн тойлайтын боламыз.

4,4(43 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ