Ғаламтор туралы диалог құрастыру.
Ағасы: Бауырым, осы соңғы кездері ғаламторға тәуелділік қоғамдағы ең үлкен мәселеге айналып отыр. Осы жайлы не ойлайсыз?
Інісі: Ия, дұрыс айтасың. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын.
Ағасы: Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.
Інісі: Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.
Ағасы: Сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану керек деп деп ойлаймын. Ал басқа бос уақытыңды пайдалы іске арнап, ата – анаңа, бауырларыңа көмектесіп немесе спортпен айналыссаң болады. Кітап оқысаң, тіпті жақсы, нұр үстіне нұр болар еді.
Біз бәріміз анамызды жақсы көреміз.Өмірдегі ең қадірлі ,ардақты-Ана деген сөз.Ана а өмірге келгеннен ақ айтылатын ең алғашқы сөз. Ана бүкіл әлем үшін қадірлі,мейрімді жан. Менің анамның қолы гүл,және ол барлығын жасай алады.Ана жүрегі әрдайым балам деп соғады.Ана жүрегі өте нәзік және махаббатқа толы.Мен бес жасқа толсам да,он бес жасқа толсам да менің жүрегім Анам деп соғады.Ананың асыл сөздері,беоген кеңестері әрбір адамның есінен кетпесі анық..Ана есімі осы өмірде баға жетпес асыл мұра.
Менің анамнан артық адам жоқ шығар бұл өмірде.Мен анамның шебер қолдарын,жылы сөздерін қатты ұнатамын.Анамнан артық кім мені ардақтап ,аялап түсінеді.Мен ауырып қалғанда түн ұйқысын төрт бөлетін де-Ана. Ана өз баласының ел қатарлы бақытты болуын қалайды.
Рахмет Анашым-маған берген барлық жақсылықтарың үшін.Анашым мен сіздің нәзік жүрегіңізбен жылы жүрегіңізді берген тәлім тәрбиелеріңізді маған деген махаббатыңызды ұмытпаймын және, сізді өмірімнің соңына дейін аялап өтемін.
Мен анама ең алдымен ұзақ өмір,зор бенсаулық,мол бақыт және де біздің қуанышымыз болып жүре беруіне тілектеспін.