ответ: на русском:
16 декабря наша страна отмечает главный национальный праздник – День независимости Республики Казахстан. В этом году независимому Казахстану исполняется 31 год. Наша страна нелёгкий путь, стремясь к независимости, испытала сложные этапы становления.
За годы своей независимости Казахстан добился больших успехов в самых различных сферах, таких как политика, экономика, социальная сфера, культура и спорт.
В 1995 году по инициативе Елбасы - Нурсултана Назарбаева создана Ассамблея народа Казахстана.
Также наша страна отказалась от ядерного оружия. Мы построили новую столицу - город Нур-Султан.
В 2017 году Казахстан провел Международную специализированную выставку ЭКСПО. В ней приняли участие 115 государств и 22 международные организации.
Я верю, что моя Родина - Казахстан, будет процветать еще много много лет.
На казахском:
16 желтоқсанда еліміз басты мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлайды. Биыл тәуелсіз Қазақстанға 31 жыл толып отыр. Еліміз тәуелсіздікке ұмтылып, қиын жолдан өтті, дамудың қиын кезеңдерін бастан өткерді.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдар ішінде саясат, экономика, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт сияқты түрлі салаларда толағай табыстарға қол жеткізді.
1995 жылы Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
Еліміз де ядролық қарудан бас тартты. Біз жаңа астана – Нұр-Сұлтан қаласын салдық.
2017 жылы Қазақстан ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізді. Оған 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.
Менің Отаным – Қазақстан әлі талай жылдар өркендейтініне сенемін.
Объяснение:
(Сома составляла)
ответ:Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау - өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам екі нәрседен қателеспеу керек. Біріншісі - жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдауда қателесуге болмайды, өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына байланысты болмақ. Болашағымды таңдаған мамандығыммен байланыстырамын. Ол үшін мен ең алдымен сабағымды жақсы оқып, медициналық университетке түсуім қажет.
Менің арманым - дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер - ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар! Сондықтан «Ақ халатты абзал жандар!» -деп халқымыз жәй айтпаған. Адам өміріне деген жауапкершілік, адалдық және үлкен жүрек керектігі сөзсіз. Адамдарға менің көмегім тисе, мен өзімді бақытты жанмын деп бағалар едім.
Ең бастысы, адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзін қоршаған ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, мамандығын сүйіп таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуаныш таба білсе ғана, шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат. Мен өзімнің қалаған маман иесі боламын! Әрине, бұл жолда талай қиындықтар туындайтынын білсем де мен өз мақсатыма жететініме сенімдімін. Осы орайда ойымды жүзеге асыруда қазіргі күннен бастап алға қарай қадам басудамын. Барлық жігерімді білімге,сабаққа салу керек.
Ойымды қорытындылайтын болсам, мен де қоғамға пайдамды тигізгім келеді. Мамандық таңдауда қателеспеген сияқтымын.
Ата-ана баланың көз қуанышы, бірақ қыз бала үшін ананың орны өте зор,сол үшін анамды қуантқым келеді. Арманымыз биікте болсын! Әрқашанда арманымызға ұмтылып, талпынып, шарықтау шегіне жетейік достар дегім келеді.
Объяснение: