М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Kokos5424
Kokos5424
01.09.2021 23:46 •  Қазақ тiлi

Краткий связный и понятный пересказ сказки алтын ! казашки и !

👇
Ответ:

«Алтын сақа» ертегісінің мазмұны.

Баяғы заманда бір бай болған екен, ол перзентке зар болып, ақыры ұлды болыпты.

Сол бай бір күні жылқыларымен суға келсе, көлдің бетінде қып – қызыл өкпе жүзіп жүр екен. Жылқылар одан сескеніп, суға жақындамайды. Бай құрықпен өкпені түртіп қал,анда өкпе суға батып кетіп, сәлден соң жалмауыз кемпір болып шығады да, байды жағасынан алады. Бай қатты қорқып кетіп, жалмауыз кемпірге ат басындай алтын беріп, құтылмақ болады. Жалмауыз кемпір келіспейді. Сонда бай жылқыларының барлығын бермек болады, жалмауыз кемпір оған да келіспейді. Ақыры бай «енді не берейін?» деп сұрағанда, жалмауыз кемпір: «Жалғыз ұлыңды бер» деген екен. Бай келісіп, ертеңіне көшетінін айтып, ұлының алтын сақасын жұртқа тастап кететін болады.

Жаңа ауылға көшіп келген байдың баласы асық ойнамақ болғанда алтын сақасының жоқтығын байқап, әкесінен сұрайды. Әкесі алтын сақаның жұртта қалғанын айтады. Сонымен бала жолға шықпақ болып, қандай тайға мінетінін әкесінен сұраса, әкесі «жылқышыдан сұра» деген екен. Ал жылқышы болса: «Қай тай бетіңе қараса, соған мін» депті. Жылқыға келгекнінде шетте тұрған қотыр тай балаға қарапты. Бала сол қотыр тайды ұстайды да жүгендейді. Жүгендегенде тайдың қотыры жазылады. Үстіне тоқым салғанда, құнан болады. Үстіне ер салғанда, дөнен болады. Айылын тартқанда, бесті ат болады. Бала үстіне қарғып мінгенде, тұлпар болып, көзді ашып-жұмғанша жұртқа жетіп келеді. Бала ошақтың жанында жатқан алтын сақасын көріп, жалмауыз кемпірге алып беруін өтінсе, кемпір балаға: «Отырсам -тұра алмаймын, тұрсам - отыра алмаймын», – дейді. Сол кезде баланың астындағы тұлпары жерге сақаның жанына жата қалып, бала сақаны іліп алады. Тай тұра қашады, жалмауыз кемпір соңдарынан қуады. Қуып жете алмаған соң, жалмауыз кемпір бір тісін суырып алып, тайға лақтырғанда тайдың бір аяғы жұлынып түседі. Сәлден соң тағы да бір тісін суырып алып, тағы лақтырғанында тайдың тағы бір аяғын жұлып түседі. Тай екі аяғымен шауып келе жатып, бір бәйтерекке кез болады. Тай әлсіреп, бала болса, бәйтеректің басына шығып кетеді. Жалмауыз кемпір тағы бір тісін жұлып алып, күні бойы бәйтеректің басын қазады. Бір кезде қызыл түлкі жалмауыз кемпірге келіп: «Шаршаған екенсің, мен қаза тұрайын, ал сен жатып демал» депті. Жаулмауыз кемпір келісіп, ұйқыға кеткенінде түлкі тісті суға лақтырып жіберіп, өзі қашып кетеді. Жалмауыз кемпір оянса, не түлкі жоқ, не тісі жоқ. Тағы бір тісін жұлып алып, тағы да да бәйтеректі қаза бастайды. Шамалы уақыт өткен соң тағы да бір түлкі келіп: «Шаршаған шығарсың, керпеніңді маған беріп, өзің демал» депті. Жалмауыз кемпір болса, тағы алданғысы келмей келіспейді. Сонда түлкі бұл балада өші бар екенін айтады. Сонымен жалмауыз кемпір ұйықтап жатқанында бұл түлкі де қаша жөнеледі. Жалмауыз кемпір оянып, түлкінің жоқ екенін көріп, тағы да алданғанын біліп, тағы бір тісін жұлып алып, бәйтеректі қазып, ақыры құлатуға жақын қалады. Сонда бәйтеректің басындағы бала төбесінен ұшқан қарғалар мен үйректерге ауылдағы бес төбетіне хабар беруге өтінеді. Дегенмен құстар үндемей ұша жөнеледі. Сәлден соң бәйретекке келіп қарлығаш қонады, бала оған да өтінішін айтып, жалынады. Қарлығаш баланың төбеттеріне хабар беріп, осылайша төбеттері жалмауыз кемпірді талайды.

Осылайша бала аман қалып, төбеттеріне кезек-кезек мініп ауылына келеді. Әкесі мен шешесі баласының аман қалғанына той жасайды. Біраз уақыт өткен соң жалмауыз кемпірдің қызы құлаған бәйтерекке келіп, шешесін иттер талап кеткенін көреді. Іздер байдың қотанына алып келеді. Қызды бес төбет көріп, қызға бас салды. Бірақ иттердің әлі жетпей, сол кезде бала садағымен атып, өлтіріп, осылайша жалмауыздан мәңгі құтылған екен.

4,5(100 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
kopachkirya03
kopachkirya03
01.09.2021

Бұл сұраққа екі түрлі жауап беруге болады:

1. Жүрек - іші қуыс бұлшықетті мүше. Адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы; қанды артерия жүйесіне айдайды және оның веналарға қайтып оралуын қамтамасыз етеді.

2. Және Қадыр Мырза Әлінің өлеңіне сәкес.

Қадір Мырза Әлі — «Не үшін?»

-Екі көзің не үшін керек?

-Жақсыларды көру үшін.

-Екі қолың не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін.

-Құлақ деген не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Жүрек деген не үшін керек?

-Жауларымнан қыңбау үшін.

-Тіл мен жағың не үшін керек?

-Ақиқатты айту үшін.

-Ал аяғың…

-Шетте жүрсем,

Туған жерге қайту үшін!

4,7(25 оценок)
Ответ:
Lollladka1
Lollladka1
01.09.2021
Бір үлкен мейрам алдында, әкесі балаларын қуанту үшін үйіне әртүрлі жеміс алып келді. Леночка деген кіші қызы сол келтірген көп жемістің ішінде, сырты алтындаған шеттеуіктерге қызығып, соны маған бер деп қоймады. Шешесі айтты:
- Бұл шеттеуіктер тек әдемілікке істелген, мыналарды ал, - деп, бөтендерін беріп еді, Леночка жылай бастады:
- Мен қара шеттеуікті алмаймын, алтын тыстысын аламын, оның ішіндегі дәні де тәтті шығар- деп. Шешесі тіл алмайтын қисық баланың дегенін істегеннен артығы жоқ екенін ойлап, Леночкаға алтын тыстыларын, бөтен балаларына бөтен шеттеуіктерді таратып берді. Леночка қуанып шеттеуікгерін дереу шаға бастады, қараса, бірінің де ішінде дәні жоқ, бос қабықтар екен. Мұны көріп қасындағы балалар мазақтап күле бастады. Сондаатасы айтты:
- Бұл шеттеуіктер жеу үшін істелген емес, тек көзге әдемі көріну үшін қойылған; мен шеттеуіктердің бос қабығын алып, сыртын күміспен бояп қана қойып едім, екінші рет не нәрсенің де құр сыртына қарап қызықпа, асылы ішінде болар, - деді. Как то так
4,8(39 оценок)
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ