Туған жер дегеніміз - біздің ата - бабамыз мекен еткен, кіндік қанымыз тамған жер. Әр а күннен бастап Отанына деген сүйіспеншілік пайда болады. Мен Қазақстандай дархан далада, кең байтақ жерде туып өскенімді мақтан етемін. "Отан отбасынан басталады" деген аталарымыз.
Біздің елімізде бір шаңырақтың астында әр ұлттың өкілдері татулық пен достықта бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.
Туған жер - әрбір а үшін оны өткенімен және болашағымен байланыстыратын киелі мекен. Туған жер алтын бесігіміз, Қазақстанымыз одан әрі көркейіп, гүлдене берсін!
Ақиқатқа көзім жете жете, басында философ болғым келген, одан кейін ішімдегі толқындар тулап, ақындық қасиет дарып, ақын болам ба дегем. Одан политик, одан кейін әзірге белгісіз. Жалпы спортқа жақын баламын, футбол ойнасам бір желіп шығып қалады, әсіресе финт жасап гол салған. Жалпы футболист болғым келген. Бірақ күш білекте емес, білімде. Әсіресе бұл заманда білім деген сауытың болмаса, мен сол дінін уағыздап шала, мақау молданың, теледидардағы ұзынқұлақтардың арбауына түсетін едім. Жалпы ғылым атаулының бәрі де жақсы. Шүкір өмірге көзқарасым, философиям мықты. Саралап келгенде кім болғым келеді? Ұлт жанашыры, қазақтың атын әлемге паш етіп, Отан үшін отқа түсіп, көзісоқырлардың көзін ашатын ағартушы болсам болғаны