М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Костя111113
Костя111113
27.12.2021 11:51 •  Қазақ тiлi

Бекет,, алмалы,, матин жазу 6 сойлем, атауы септеу​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
A1n2g3e4l5i6n7a87
A1n2g3e4l5i6n7a87
27.12.2021

Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті.

Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куәсі болды.

Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады.

VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн т.с.с көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.

Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін.

Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды.

Түркістан (Яссы) ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды.

Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әр түрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым-қатынасын орнататын.

4,8(97 оценок)
Ответ:

Әбдіжәміл Нұрпейісовтың "Қан мен тер" трилогиясы Арал теңізі бойында өмір сүретін балықшылар өміріне құрылған. Романның кейіпкерлері ауыр тағдыр иелері болғанымен, олар - қайғы--қасіреттерді қасқая тосып, еңсесін түсірмейтін азаматтар. Олардың асқан шеберлікпен сомдалған мүнез-кейіптері санаңа мығым орнайды. Кітаптың әр бетінен теңіз бен жусанды дала, ауыл түтінінің иісі аңқып, қысқы аяз бен жазғы ыстықтың лебі еседі. Шығарма кейіпкерлері балық аулап, мал жайып, өлгендерін жоқтап, шайқасқа аттанып, ғашық болып, отбасын құрып, әрдайым күресіп, өзінің және өзгелердің бақытын аңсап өмір сүреді.

Романдағы уақыт 1915-1916 жылдарды қамтиды. Келе жатқан революция лебі киіз үй мен саман үйдің түтіні түтеген арал даласына әлсіз жеткенімен, жаңа өмірдің басталары сезіледі.

Екінші кітаптағы оқиғалар Қазан төңкерілісі тұсында орын алады. Қазақ даласы қалың ұйқыдан оянғандай. Кедейлер мен бай, билердің арасындағы қақтығыс жиілеп кетеді. Халық қолдаушыларының дауыстары уақыт өткен сайын қаттырақ шыға бастайды. Еламан халқын отаршылық езгісінен босату үшін өз өмірін құрбан етуге бел буады.

Романды оқып отырып көз алдымыздан мінезі мен тағдыры бөлек түрлі бейнелер галереясы өтеді. Бақыт пен байлықтың жанында кедейлік пен алдау қатар жүреді

4,4(46 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ