Ана. “Ана” үш әріптен құралған киелі де қастерлі сөз. Әркімнің анасы бар. Сол аналарды құрмет тұтып, қастерлеу біздің борышымыз. Ана түн ұйқысын төрт бөліп біздерді әлпештеп өсіреді. Біздерді басқа балалардан кем болмасын деп алдымызға барын тосады. Біздер аналарымыздың қадірін білуіміз керек. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді. “Алып анадан туады , ат биеден туады” демекші біздің елбасымыз да, елге белгілі әншілеріміз де, жұдырығы балғадай палуандарымыз да, қайтпас қайсар спортшыларымыз да анадан жаралған. Бұл айтылған тұлғалардың барлығы дерлік қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген аналарының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр. Аналарының қолдау болмағанда олар бұндай болар ма еді? Ана алдындағы борыш анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаңда өтелмес деген осы. Оқырмандарға белгілі жазушыларымыздың бірі Ғабит Мүсірепов ана туралы көп қалам тербеген. Оның бізге “Өлімді жеңген Ана”, “Ғазиз ана”, “Ананың анасы”, “Ер ана”, “Ақлима”тәрізді әңгімелері белгілі. Шығармашылығының басым бөлігі анаға арналғандықтан жазушының әйел адамға , анасына деген көзқарасы ерекше болғаны айқын байқалады. Менің де анам бар. Ол мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Мен анамды қатты жақсы көремін. Себебі, ол мені өмірге әкеліп, барын алдыма тосып, әлпештеп өсірді. Мен анама ризамын.Мен мына өлең шумақтарын аяулы анама арнаймын: Нұрын шашқан күніміз, Айжұлдызды түніміз. Мәпелеген қамқоршым, Ана біздің гүліміз. Мен бұл сөзімді “Адам “адам” болғысы келсе, алдымен анасын құрметтей білуі керек” деп аяқтаймын. Себебі, анасын сыйламаған адам болып жарытпас.
Және техника20 ғ. ғылыми-техникалық революция ғасыры деп аталады. өткен дәуірлерге қарағанда біздің заманымыздың өзіне тән екі ерекшелігі бар. біріншіден, ғылыммен техника үлкен қарқынмен келеді. екіншіден, ашылған ғылыми жаңалықтар игілігіне айналып, жедел түрде өнеркәсіп пен тұрмысқа енгізіліп отыр. техниканың қарышты ң қосқан үлесі орасан зор. сондықтан да техниканың негізі - пікір берік қалыптасқан. қ білімнің техникада қолданылуын көрсететін көптеген мысалдарды келтіруге болады. олардың қатарында күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген сан алуан электрлік, электрондық құралдар және басқа да күрделі техникалар бар.
Түп-түзу қайыңдар көшенің сәнін келтіріп тұр. Бұл кеп-кең көшелерде қаланың ең әсем ғимараттары орналасқан. Сол ғимараттармен қатарласқан біп-биік үйлер аспанмен тіресіп түрғандай. Бұл көше ең ұзын көше болғандықтан ұлтымыздың атақты ұлының атымен аталған. Жаздың тым ыстық күнінің өзін де бұл көшемен жүріп өтудің өзі бір ғанибет. Қаланың сыртында мөп-мөлдір бұлақ бар. Қала тұрғындары еш ерінбестен сол бұлақтың тұп-тұщы суына қанығу үшін осында келеді. Күн сайын адам аяғы арылмаса да, бұлақ басы - өте таза жер.