М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
масяня114
масяня114
20.01.2020 14:42 •  Қазақ тiлi

Напишите сочинение на казахском языке про толе би

👇
Ответ:
ElzaMi13
ElzaMi13
20.01.2020

Төле би туралы шығарма.

Төле Әлібекұлы - қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, XVIII ғасырдағы ұлы тұлғаның бірі, Әз Тәукенің тұсында «Жеті жарғы» атты заң жобасын жасаған қоғам қайраткері, ел ағасы. Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысының Шу өңіріндегі Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Әкесі Әлібек беделді би болған, Төле би бала кезінен әкесінің жанына еріп жүріп, ақындық, шешендік өнерге жақын болған. Он бес жасынан бастап ел билеу ісіне араласып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімімен көзге түсіп, таныла бастайды.

Қазыбек және Әйтеке бимен бірлесіп, қазақ хандығын нығайтуға, үш жүздің басын қосуға, қазақ халқының дәстүрлі әдет - ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын «Жеті жарғының» қабылдануына атсалысқан.

Хандық пен мемлекет тұтастығын, тәуелсіздігін діттеп, жаугершілікте дұшпан қолында қалған қалалар мен жерлерді қайтаруға күш салған. Сонымен бірге, Төле би Ұлы жүз бен Ресей арасында байланыс орнатып, дамытуға көп еңбек сіңірді.

Сонымен қатар ол артына аталы сөз, үлгілі өнеге-өсиет қалдырған, өзінің даналық, тапқырлық әділ биліктерімен, шебер, көркем сөздерімен халық әдебиетін дамытқан, байытқан дарынды шешен, кемеңгер ойшыл.

4,7(2 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
orehovas
orehovas
20.01.2020

1. Ежелгі Қазақстан мәдениеті - Еуразия өркениеттің құрамдас бөлігі

2. Бүгінгі қазақ жерінде қырық бес мың өзен және сексен бес көл бар

3. Ұлы дала Еуропа мен Азия құрлықтардың басын қосты

4. Түркі жұрты жылқыны IV мыңыншы жылдың қолға үйретті

5. Сырдарияның бойында үш жүзге жуық қала мен елді мекен болды

6. Таңғажайып зергерлік өнер дамыды

7. Ұлы далада Түркі империя салтанат құрды

8. Түркі жаузы VI ғасырда пайда болды

9. Бумын қағанның ордасына Қытай елшісі бес жүз қырық бесінші жылы келді

10. Түркі елі халықаралық мәртебеге ие болды

4,8(95 оценок)
Ответ:
Nezilik
Nezilik
20.01.2020
Алматы телемұнарасы 1982 жылы салынған. Теңіз деңгейінен 1080 метр биікте орналасқан, биіктігі - 372 метр, салмағы - 45 мың тонна.
2009 жылы телемұнара сәулет ескерткіші реестріне енгізілген. Жоба бойынша телемұнарадан алты телевизиялық және төрт радиоарна ақпарат таратқан. Антенно-фидерлік трактты күрделі жөндеуден өткізу арқылы қазіргі кезде он төрт телевизиялық және он бір радиоарналар ақпарат таратады. Даму жоспарлары - сандық ақпарат таратуға көшу және қалаға сандық ақпарат тарату қызметін көрсету.
Алдағы уақытта телемұнарада қала көрінісін тамашалау алаңы ашылмақ. Оның биіктігі - 176 метр. Сөйтіп, алдағы жылы ғимарат туристерге арналған әлемдегі ең танымал нысан қатарына қосылмақшы. Әйтсе де ойластыратын мәселелер жетіп артылады. Мәселен, мұнараның сыртқы қабатын түн түгілі күндіз де айнадай жарқырап көрінетіндей етіп қаптау керек.
4,6(82 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ