Күн сәулесінің әсерінен және атмосфералық қысымның төмендеуінен, Жер бетінде тұман, жаңбыр, бұршақ және дауыл сияқты табиғи құбылыстар пайда болады. Сондай-ақ, желдің, торнадоның, теңіздегі толқындардың және бұлттардың қалыптасуына да, осы аспан денесі себепкер. Жерден 140 миллион километр қашықтықта болғанына қарамастан, оның гравитациялық өрісі, біздің ғаламшарды стационарлық орбитада сақтап тұрады. Сондықтан, біз ғарыш кеңістігіне ұшып кетпейміз. Күн – біздің планетада болатын табиғи процесстердің басты қозғалтқышы. Ол – Жерге жарық және жылу береді. Бұл жұлдыз болмаған жағдайда – ең кішкентай микроағзалардың өзі, тіршілік ете алмас еді. Ультракүлгін сәулелері – атмосфераның антропогендік факторларынан туындаған ластануды тазартады және атмосферадағы шаң мен түтіннің бөлшектерін жояды. Сонымен қатар, адамға аз мөлшерде ультракүлгін қажет. Ол D дәруменін өңдіреді. Бұл дәрумен жеткілісіз болса, адам ұйқысыздық және тез шаршаудан зардап шегеді. Сондықтан, Күннің астында жүру пайдалы. Озон – планетаның өмірі үшін өте қажет. Ол Күн сәулесі және Жердің магнит өрісінің, өзара әрекеттесуінен пайда болады. Ауа райына тигізетін рөлі зор. Мысалы, Күн қызған кезде, су буға, ал бу бұлтқа айналады. Бұлттар өз кезегінде, Жерге жаңбыр болып жауады
Объяснение:
Интернеттен алынған
Биылғы жылғы қызық оқиғалар
Биыл жазғы демалыс басталысымен мен ауылға кеткен болатынмын. Ондағы достарыммен талай қызықты бастан кештік. Солардың біреуін айта кетейін.
Күндердің бірінде біздің үйдің қой кезегі келіп, мені атам мен әжем қой бағуға жібереді. Мен жаныма досымды ертіп, біріміз атқа мініп, біріміз есекке мініп, бір отар қойды айдап кеттік. Жарты күн өтіп, түскі тамақты ішіп алған соң, досымның ұйқысы келіп, маған «кезектесіп ұйықтайық» деп, өзі жатып қалды. Мен біраз табиғатты тамашалап, қойларды бақылап отырғанымда қалай ұйықтап кеткенімді де білмеймін. Бір кезде оянсам, отар қойымыздың біреуі де жоқ. Досымды оятып, екеуміз не істерімізді білмей, әбден састық. Амал жоқ, ауылға қайта келуге тура келді. Не деп айтарымызды да білмейміз. Бір ауылдың қойы із түзсіз жоқ. «Енді қайттік?» деп еңсеміз түсіп келе жатқанда көрші үйдің қорасының алдында тұрған қойды көрдік. Не қуанарымызды, не жыларымызды білмей, қораға жақындап келсек, әлгі үйдің қойлары түгел орнында. Досым екеуміз аң - таңбыз. Бұл сонда қалай болғаны? Қойлардың өздері қайтып кетуі мүмкін емес. Сөйтсек, ауылда қалған достарымыз келісіп, осылай әзілдеспек болған екен! Мұны естігенде, әрине, алдымен достарымызға біраз ренжідік. Бірақ уақыт өте келе, бұл әзіл есте қаларлықтай оқиға болды.