Қазақ тілім - ана тілім.
Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты, көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі!
Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз қазақ тілі.
Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғап, оның орынсыз шұбарлануының қарсы тұруы тиіс. Себебі, ана сүтімен дарыған тіл - ең басты байлығымыз.
Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс.
серік жұманғалиұлы сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, абай қаласы, қарағанды облысы) - боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, парасат орденінің кавалері (2008 жыл), отан орденінің иегері (2012)[1], спорт бойынша юнеско чемпионы атанған әлемдегі 13-ші спортшы[2], қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі, 2014 жылдың қарашасынан бастап astana arlans командасының бас директоры.[3]
жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан олимпиада ойындарының чемпионы (2012), баркер кубогының иегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері, бейжің және лондон олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны.