Сүйінші сұрау
Қазақ халқында қуанышты сәттерде сұралатын және берілетін кәде-сыйлардың түрі өте көп. Соның біреуі – сүйінші сұрау. Сүйінші – жақсылықтың белгісі. Сүйінші сұрау дегеніміз – қуанышты хабарды жеткізушінің сұрайтын сыйы. Әдетте жақсы хабарды жеткізуші «сүйінші, сүйінші» деп дауыстап, ал жаңалықты есту үшін үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Сүйінші ретінде ақша, бағалы зат немесе сұраушының қалаған заты беріледі. Бұл жақсылықты жақындармен бөлісіп, қуанышқа ортақтасу мақсатында қалыптасқан жөн – жоралғы. Бүгінгі күнге дейін сақталған.
Жан – жануарлар туралы мақал – мәтелдер (орысша аудармасымен).
Жетім қозы маңырауық - Ягненок-сирота блеет без конца
Түйе — байлық, қой — мырзалық, жылқы — сәндік. - Верблюд — богатство, овцы — щедрость, кони — красота.
Төлден мал өседі, шыбықтан тал өседі. – Скот растет с приплода, а дерево – с прутика.
Қойың болса, қора табылар. – Будут овцы, найдется и хлев.
Көрмес түйені де көрмес. - Кто не хочет видеть, тот и верблюда не заметит.
Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсің - Настоящий куырдак увидишь, когда забьют верблюда (намек на нечто большее, чем то, что уже случилось)
Нар жолында жүк қалмас. - На пути верблюда груз не залежится.
Теке — тұрыққа, азамат — ұрыққа - Козел тянется к месту обитания, молодец — к своему племени.
Ешкі егіз тапса, шошқа сегіз табады. - Если коза приносит по двойне, то свинья — по восемь.
Ешкі еті — ем, теке еті — жел. - Мясо козы — лекарство, мясо козла — ерунда (ветер).
Ешкі болсын, теке болсын, балаларға сүт болсын - Пусть хоть что, но было бы с пользой (пусть хоть коза или козел будет, для детей было бы молоко).
Қойшы көп болса, қой арам өледі. - Когда пастухов много, овцы с голода дохнут (у семи нянек дитя без глазу).
Той өтті - қой бітті. – Закончился праздник, закончились и бараны.