М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
masgovorchenko
masgovorchenko
30.10.2022 08:41 •  Қазақ тiлi

Тәуелсіздік ел бақыты деген тақырыбына шағарма жоспармен

👇
Ответ:
Rendagor
Rendagor
30.10.2022
    Өткен тарихқа көз жүгіртер болсақ, бұл даланың тауы күрсініп, тасы қақ айырылар еді. Не көрмеді бұл дала?! Даласын жауынан, ұлтын қан сасыған қақтығыстардан сақтап қалу үшін ата-бабамыз батыстан шығысқа, шығыстан батысқа үдере көшумен болды. Әріде Абылай, Қабанбай, Бөгенбай батырлар мен Исатай, Махамбеттер елін, жерін жаудан қорғау жолында «қара қазан, сары бала қамы үшін», толарсақтан саз кешіп жүріп, қасық қандарын қиса, бертінде Алаш атын сақтап қалу үшін жұртына «Оян, қазақ!» деп ұран салып, маса боп ызыңдап, қараңғы халықтың санасын оятуды мақсат етіп, бебеу қаққан арыстарымыз М.Дулатов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтар арыстанша алысып жүріп, өмірден өтті.    Тарих - өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі, қазақ жері қасиетті, өйткені ата-бабаларымыз бізге бірліктің, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп, атының тұяғымен дүбірлетіп өткен атамакенін аманат етіп қалдырды.   «Найзағайы өзгешелеу шатырлар,    Бұл далада көп сортаңдар,    Татырлар.   Бұл далада өседі екен қасқайып,   Секскуіл мен батырлар!»- деп ақын Қадыр Мырза Әлі айтқандай, Қазақстан ешкімге, еш уақытта тәуелді болуға тиісті емес екенін уақыт дәлелдеді.    Иә, «тақымымызға бір тисе»  деп арман еткен тұлпардың қолымызға ер-тұрмансыз, ноқта-жүгенсіз түсіп, жалына ғана жалаң қолмен жармасқанымызды ұмытпағанымыз жөн.   1986 жылғы желтоқсан оқиғасы шын мәнінде, қазақтың ұлт тәуелсіздігі жолындағы ең соңғы күресі еді. Дүниені дүр сілкіндірген бұл оқиға – қазақ жастарының еркіндікке, демократиялық жүйеге ұмтылысының беташары болды. Ұлан-байтақ жерімізді ат үстінен түспей жанқиярлықпен қорғаған ата-бабалардың ерлік-өнегесін, ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген алаш жастарының қайрат-жігерін осы желтоқсан оқиғасына қатысқан жастардың бойынан көруге болады.     Тәуелсіздік жаршысы, желтоқсан оқиғасының батыры Қайрат Рысқұлбеков: «Еркек тоқты-құрбандық, атам десең, атыңдар!»- деп қасқая қарсы тұрып, ар-намысын сақтап қалды. Сондай батыр ерлердің арқасында Қазақстан бүгінгі таңда ата- бабамыз армандап кеткен «Тәуелсіздік» деген қасиетті ұғымға ие болып отыр.    Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзіндегі барлық елдерге түгел дерлік танылды. Осы тәуелсіз еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев – білімімен де, табиғат сыйлаған дарынымен де халық қалаулысы болып, бір ауыздан сайланған алғашқы Президенті. Елбасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық ұзақ мерзімді бағдарламасы – халықтың өркениетті елдер қатарына бастар ақ жолы. Осыдан он жыл бұрынғы халқына арнаған алғашқы Жолдауында: «Қазақстан 2030 жылы дамыған, өркениетті, гүлденген, жасыл желекті елге, орта Азия Барысына айналады», - деп, қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мақсат-мұратын баян еткен болатын.   Тәубе, тәубе! Бүгінгі таңда «жүзі басқа, жүрегі бір, тілі басқа, тілегі бір» бірнеше ұлтты бауырына басқан көпұлтты еліміз бақыт құшағында!Данышпан ғұлама Ж.Баласағұнның «Құтты білік» шығармасындағы: «Ел басқаратын Елбасы әділ, ақыл-парасатты, ой-танымы кемел, өнер-білімге жетік, сөзі майда, мінезі жұмсақ, кісі алдында кішік, сабырлы, жаудан қайтпайтын қайсар, қолы ашық жомарт, көзі мен көңілі тоқ, пендеге кек сақтамайтын, кешірімшіл, пейілі кең, дарқан мінезді болуы керек, оның міндеті – халыққа құт-бақыт, дәулет әкелу, әділ заң орнату, кедей халықты бай ету, халық санын көбейту»,- деген сөздері дәл Елбасына арнап айтылғандай. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұстанған сарабдал саясаты, даналығы, парасаттылығы, еліне деген ерен еңбегі – біз үшін үлгі-өнеге! Ең бастысы, халық тілегі мен тілеуі болып отырған бейбітшіліктің берік сақталуы, тұрақтылық, шет елдермен қарым-қатынастың нығаюы – бұл Елбасымыздың кемеңгерлігі емес пе?!Ол кісінің арқасында Қазақстан ядролық қарусыз әлем құру ісінде үлкен абыройға ие болып отыр. Оның айғағы ретінде Астанамызда өткен ЕҚЫҰ Саммитін айтуға болады. Тәуелсіз еліміздің туы күннен-күнге биіктеп, халықаралық аренадағы беделінің күн санап артып келе жатқаны көңілімізге қуаныш ұялатып, қиялымызға қанат қақтырады. Тарихымыз бай, бүгініміз баянды, ертеңіміз жарқын боларына кәміл сенемін. Тек қолға қонған бақыт құсын үркітіп алмай, жұмыла кірісіп, кеңесіп шеше білсек, болашақтың таңы жарқын!  
4,6(94 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Kola2004kola
Kola2004kola
30.10.2022
Мишель Шәлі (фр. Michel Chasles; 15 қараша 1793, Эпернон, Эр және Луар, Франция — 18 қараша 1880, Париж) — француз математигі (геометр) және тарихшы математика көшбасшысы ретінде танылған француз геометриялық мектеп XIX ғасырдың ортасында. Мүшесі, Париж ғылым Академиясының 1851 жылы шетелдік мүшесі, басқа да көптеген ғылым Академияларының, оның ішінде Петербург (1861 жылы). Лауреаты Копли медалі (1865).Өмірбаян[היום-מחרДүниеге келген Эперноне, Париж маңында. Курс соңында лицей бітіріп, Политехническую париж 1812 жылы. Мұнда оған үлкен әсер қалдырды дәріс Пуассон. Ол жазған бірнеше дербес жұмыстарын геометрия қазірдің өзінде мектепте Политехникалық, басылуы 1812-1815 жж. курс соңында Политехникалық мектебі (1814) Шәлі шақырылып, Париж одақтас әскерлері қатысқан наполеоновскую армияның қорғаныс. Соғыстан кейін толығымен қамтамасыз етілген материалдық, ол соңғы шешім шығару қажет болса, онда көптеген жылдар бойы предавался сабақтарға геометриясын " Шартр.
Шәлі 1841 жылы, берік завоевавший беделіне өз мақалаларымен ғылыми Политехническую шақырылды преподавать в париж. 1846 жылы ол көшті кафедраны жоғары геометрия Сорбоннаға негізделген.
Беделі Шаля мектептегі математика тарихы мемлекеттердің жариялылық көп-шумен аяқталған теріс бұзылады өте үлкен. "Шәлі 1867-69 жылдары ғылым академиясы ұсынды Париж, толық сеніммен түпнұсқалығына, бүтін жиналысы табылған, бұл хат Галилейдің, Паскаль, Ньютон және басқа да танымал тұлғаларды қоса алғанда тіпті хат Македондық Александр - Аристотель мен Клеопатраның - Цезарю. Белгілі болғандай, барлық осы құжаттар фальшивками сомаға сатты Шалю алаяқ Дени олар үлкен Врен-Люк выдав үшін аударымдар түпнұсқалары. Бұл эпизод роман, көрініс. Доде "Өшпес"
4,4(58 оценок)
Ответ:
dina9992
dina9992
30.10.2022
Иә, соғыс деген суық сөздің не екенін кітаптан, теледидардан, кинодан, түрлі тарихи ескерткіштерден, мектепте өтіліп жатқан әдебиет, тарихи пәні сабақтарынан, мазмұнды кездесу және тарихтағы танымал тұлғаларды еске алу кештерінен біліп жатырмыз. ...Соғыс деген бүлінген дала, жетім қалған бала, жесір қалған ана, баласын өмір бойы сарғая күткен үлкен әріпті ана, жазылмай қалған дастан, жете алмай үзіліп түскен махаббат, қайталанбайтын, қайта оралмайтын жастық шақ... деп түсінік алдық. Дәл қазір кімнен бастасам, қай батырды тілге тиек етсем екен деген ой торлап алды мені... ...Соғыстың қалай басталғаны, оның сипаты жөнінде түсінігіміз бар деп жоғарыда айтқан едім, солай бола тұрса да, аздап тоқтала кетсем: шабуыл жасаспау туралы 1939 ж 23 тамызда келісім болғаны, аз уақыт өтпей жатып, келісімді бұзып, 1941 жылы 22 маусымда жарияламастан, КСРО одағына соғыс бастап кеткені мәлім. Әрине, Германия тарапынан бұл соғыс – агрессиялық, әділетсіз соғыс, ал Кеңес Одағы тарапынан әділетті, өз елін қорғау жолындағы азаттық Отан соғысы екенін де тарихтан білеміз. Гитлер бұйрығы КСРО-ға басып кірудің «Барбаросса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен, осы жоспар бойынша Фашистік Германия және оның қолшоқпарлары құрғақтағы, әуедегі, соғыс-теңіз күштері бірден, бір мезгілде шабуыл жасау керек деп шешті. Мақсаты – 3-4 ай ішінде, яғни соғысты 1941 жылы күзде аяқтап, «жеңіс межесін тойлауды» қызыл алаңда өткізуді ойлады.  ...Дүниені дүр сілкіндірген қанқұйлы алапат соғыс адамзат тарихында қандай өшпес із қалдырғаны шаңырағы ортасына түскен қаралы үй мен жетім қалған ұрпақтардың ғана өксігі емес, бейбітсүйгіш барлық қауымның сақтана жүруін қажет етуі анық. Санамызға сыйғызған олардың ерліктерін, тарихтағы өшпес із қалдырғанын, сол істеріне лайық өздеріне арнап кітаптар шығарылып жатқаны, көше аттары беріліп, ескерткіштер орнатылып, кинолар, әндер шығарылып, жыл сайын еске түсіру кештері, кездесу кештері өткізіліп жатқаны ерен еңбектерінің толассыз, даусыз дәлелі екені мәлім. Мен бар-жоғы 9–сыныпта оқимын, бірақ жасыма қарамай, тарихи, көркем шығармаларды қызыға оқимын. Әлия (Ілия) Нұрмұхамедқызы Молдағұлова, Мәншүк (Мәнсия) Жиенғалиқызы Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Сұлтан Баймағанбетов, Рахымжан Қошқарбаев, Талғат Бигелдинов, Нүркен Әдіров, авиация саласындағы қазақ қызы –Хиуаз Доспанова (ұшқыш штурманы болып 300-ден астам мәрте әуеге көтерілген) т. б тарихи тұлғалардың тағылымды өмір жолымен таныспын деп ауыз толтырып айтуыма болады.

Толығырақ: http://massaget.kz/arnayyi_jobalar/9_mamyir_2015/26253/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
4,6(94 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ