зар заман ақындары өз заманындағы қиыншылықты келесі ұрпақ көрмесін деп тілеген.біздің заманымыздың 18 ғасырында Ресей патшалығы қазақ елін қинап,талқандауды бастайды.Менің ойымша зара заман ақындары өздерінің шығармаларына сол кездегі қазақтың мұң мен зарын,тартып жүрген азабын көре отырып,сол зарлы кезді қалай жою керегі жөнінде жырлаған.зар заман ақындары деп біз Дулат Бабатайұлы,Шортанбай Қанайұлы,Мұрат Мөңкеұлы,Әбубәкір Кердері,Албан Асан т.б. жатқызамыз.
Объяснение:
осы лай болатын шыгар егер дурыс болмаса кешир
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Абайдың отбасына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2013 жылдан бастап елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі отбасы күні ретінде белгіленген. Отбасы күнінің аталып өтуі мәдени құндылықтарымызды, дәстүрімізді сақтаудағы, болашақ ұрпаққа тәрбие берудегі ұлттық мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.
Көрмеге музей қорында сақталған Е.Сидоркиннің «Абай әжесі Зеремен», «Құнанбай», «Ұлжан» суреттері, 1896 жылы Абайдың ұлдары Ақылбай, Турағұлмен Семейде және 1903 жылы отбасымен түскен фотосуреттері қойылды. Шәкәрім Құдайбердіұлының фотосуреттері, шығармалары, інісі Оспан, балалары Әбдірахман, Мекаил, Мағауияның және ақын ұрпақтарының фотосуреттері Абай отбасына арналған көрме мазмұнын толықтырды.
Қазіргі күнде Абайдың баласы Ақылбайдан тараған ұрпақтары Айдар мен оның ұлы Данияр, сонымен қатар Айдос Эрнестұлы Алматы қаласында тұрады.
Мұнан өзге Турағұл Құнанбайұлының «Әкем Абай туралы» естелігінің факсимиле нұсқасы, Абай туралы естеліктер, Ж.Қасымбаев, Б.Ерсәлімовтің еңбектері кітап көрмесіне қойылды.
Семейліктер мен қала қонақтары, мектеп және колледж студенттер кітап көрмесімен танысты.
Антоним, синоним, омоним сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау.
Антонимдер:
1. Бүгінгі концертке ауылдың үлкен – кіші тұрғындарының барлығы жиналыпты.
2. Әдетте, мектеп оқушылары сабаққа бірыңғай ақ түсті жейде мен қара түсті шалбар киеді.
3. Дене шынықтыру сабағында бойымыздың ұзын - қысқасына қарай сапқа тұрамыз.
4. Бұл дүкенде қымбат зергерлік бұйымдармен қатар бағасы арзан, қолжетімді де бұйымдар жеткілікті.
5. Бүгін күн жексенбі болған соң үйіміздің жанындағы дүкен сағат тоғызда ашық екен деп келсем, әлі жабық екен.
Синонимдер:
1. Менің жеңгем айдай сұлу, өте әдемі, көрікті келіншек.
2. Биыл анамыздың мерейтойына байланысты бағалы, құнды сыйлық іздестірудеміз.
3. Асыққан кезде «Бәйтерек» пойызына мінсең болады, ол - өте жылдам, әрі жүйрік.
4. Балалы болу, перзент сүю – әрбір отбасының арманы.
5. Халқымыз Ұлы Отан соғысы кезінде елін қорғаған ержүрек, батыл, әрі батыр қаһармандарын мақтан тұтады.
Омонимдер:
1. Оқушылар асыға күтетін мезгілі жаз де басталып кетті.
2. Үйіңе аман – есен жеткен соң маған міндетті түрде хабарлама жаз.
3. Бүгін ұйықтап жатқанымда таңға жуық керемет түс көрдім.
4. Сен қандай түсті киімдерді ұнатасың?
5. Бүгін ерте тұрып, біраз шаруа істеп едім, түс ауа қатты шаршап қалдым.