М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
alinaozhiganova
alinaozhiganova
05.05.2020 14:54 •  Қазақ тiлi

Написать сочинение на казахском языке на тему "қазақша ет" (бешбармак) и на половину страницы: )

👇
Ответ:
eelina05
eelina05
05.05.2020
Ет немесе Қазақша ет (кей өңірде ауызекі тілде Бешбармақ) – қазақ халқының еттен дайындалатын ұлттық тағамы. «Дәстүр дегеніміз ұрпақтан-ұрпаққа көшетін тарихи қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер. Дәстүр – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінің рухани негізі» делінсе, философиялық сөздікте: «дәстүр (traditio– жапсыру, жалғастыру) – тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және т.б. қоғамда, ұлтта немесе жекелеген әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік-мәдени мұра элементтері» – деп тұжырымдалады. “Дәстүр – тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қарекет пен мінез-құлық нысандары, сондай-ақ оларға ілеспе астасқан ғұрыптар, қағидалар, құндылықтар, түсініктер жатады. Белгілі бір қауымның дамуының әлеуметтік жағдаяты өзгеруіне орай дәстүрлер ыдырауы, басқадай болып өзгеруі не алмасуы мүмкін. Дәстүр адамдардың өмірлік қарекетін реттеудің маңызды факторы болып қызмет етіп, тәрбие негізі болып табылады”,– делінген. 

Философ ғалым Н.Сәрсенбаев: «Әдет-ғұрып, дәстүр және қоғамдық өмір» атты еңбегінде: «Дәстүрге әдет-ғұрыптың өткен қоғамнан қалған озық түрлері мен тұрмыстық формалары, ырым-жоралары, рәсімдер жиынтығы кіреді, қоғамда және белгілі бір ұжымдық ортада қалыптасқан дәстүр өзінің өмір сүру заңдылығына толық ие болғаннан кейін сол ұжымдық ортада, қоғамда жалғасын табады да, тұрақты орын алады. Сондай-ақ, дәстүр көпшілік қауымға ортақ мәдениетті түрде қолданыс табатын әдет-ғұрыптың жинақталған түрлері мен рәсімдерін де қамтиды», – деген ойды білдіреді
4,6(81 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
neznalomka
neznalomka
05.05.2020

Ия, "Табиғат - біздің анамыз", себебі, ол адамды өміріне қажеттіліктің бәрімен қамтиды. Табиғаттағы ауа болмаса немен тыныс алар едім, қайран табиғатым, сенің мөлдір суларың болмаса немен шөлімді қандырар едім, мынау, көк аспан, кең байтақ жерім, сенің алдыңда мен қарыздармын. Өзіңмен бірге өсіп, өнемін.

Әсем табиғатым, сенің алдыңдағы парызымды дұрыс орындағым келеді. Өзіңнің биік тауларыңды, әсем гүлдеріңді, көкорай шалғыныңды, жан-жануарларыңмен, құстарыңды, бәрін-бәрін қорғауға міндеттімін, мен саған "Табиғат -ана", панамын.

Объяснение:

4,7(63 оценок)
Ответ:
nikita228wwx
nikita228wwx
05.05.2020

Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Мысалы, “Байбөрі деген бар екен, Байбөрі малға бай екен, Төрт түлігі сай екен...”. Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп тұяқ, тақ  тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны – жылқы. Жылқы көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады.Оның азығы өзге малдан әлдеқайда асыл.Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден – ақ белгілі. Жылқы бетегелі, көделі, селеулі, қауданды жерде жақсы өскен.Қазақ даласының батысында жылқы малы көп өсірілген. Қазақтың жылқымен қатар ұстаған малы – түйе.Қазақта «Түйелі бай қонады сортаңды алып» деп басталатын өлең бар.Бұлай деудің себебі, ертедегі түйелер байлар суы тұзды көлдердің, теңіздердің, өзендердің бойларына, өсімдігі ащы, сортаң жерлерге қонатын болған.

4,4(2 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ