1. Ертеде Тобыл өзенінің сол жақ бетінде, Орта жүздің бір руы мекендеген екен. Жол жүрген жүргінші сол мекенде дем алып, саудагерлер садуасын жасап, іздегендерін осы жерден табатын болған. Бұл ауыл тұрғындары өте қарапайым, ешқандай атақ-даңқсыз өмір сүргендіктен, бұл жерге басқа ұлт өкілдері мен өзге дін өкілдері де келеп қоныс тапқан. Бірте-бірте ауыл халқының саны өсіп, ауыл көркей түскен. Әсіресе бұл аулдың көркі - егіз қыздар болыпты. Өте мейірімді, сүйкімді, нәзік қыздарды бүкіл ауыл халқы қатты жақсы көрген. Олардың сыңғырлаған күлкісі, үстеріне анасы тіккен әсем көйлектері, шебер әкес қолдан жасаған күміс әшекейлері елді өзіне қаратып қоймайды екен. Осы ауылға келген барлық жолауышлар мен саудагерлердің алдынан осы қыздар жолыққса, сәттілікке ұрнатын. Аңыз бойынша бұл қыздардың есімі Қост және Анай екен. Бірақ бір күнде бұл отбасының шаңырағына қара бұлт үйірледі, ауыр індеттен егіз қыздар көз жұмды. Ауыл маңындағы бір төбеде қос қыздың моласы пайда болды. Мола басында қыздардың есімдері Қост және Анай тас бетіне қашалып жазылды. Күллі жұрт қайғы құшты. Бірақ қыздардың мейірімділігі жүректерінен мәңгілікке орын алғандықтан сол ауылдың халқы жолаушылар мен саудагерлерге бағыт беретін аймақ болсын деп, егіз қыздардың есімімен елді-мекенге ат қоюға шешім қабылдады. Содан бері бұл аймақ Қостанай атанып кетті.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор.
1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.
1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.