Менің отбасым.Мен отбасымды қатты жақсы көремін.Менің отбасым шағын ғана болғанымен олар мен үшін қымбат жандар.Отбсы дегенде әр адамға анаң әкең бауырларың келеді.Міне осы отбасы деген.Сені шыр етіп дүниеге әкелген анаң,осы күнге дейін аялап өсірген әкең,саған қамқор бауырларың бәрі бәрі қымбат жандар.Менің отбасым шуаққа,мейрімділікке,бірлікке толы.Отбасының тірегі әкем мен анам барда отбасы мәңгі өмір сүре береді.Отбасы шағын мемлекет дейді ғой мен осындай мемлекетте тұрып жатқаныма өмір сүріп жатқаныма қуанамын.
Менің Отаным Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз ел. Ол ұлан байтақ дала, бейбіт ел. Қазақстанның астанасы Астана қаласы. Қазақстанда пайдалы қазбалар,есепсіз байлық өте көп. Қазақстан жерінде ұлт өкілдері көп. Олар: орыстар, ағылшындар, түріктер тағы басқа ұлттар тұрады. Қазақстан жері өте әдемі. Мен өз Отаным Қазақстанның көркіне жететін ешбір ел жоқ. Мен өз Отанымды мақтан тұтамын. Еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік –биік асқар таулар,мөп-мөлдір көлдер және өзендер. Әр түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі.
Отанымыздың аспаны ашық, әр таңы арайлы, болашағы нұрлы болса екен деймін. Келешекте бейбіт күннің бетін бұлт ба барлық әлемде бейбітшілік болсын.
Өмірде шынайы ,өзіне серік болатын дос табу қиын. Достар бір- біріне қиын кезде де, қуаныш кезінде де бірге болып көмектесу керек.Егер достар бір- бірінің сырын сақтай алмаса, ол шынайы достыққа жатпайды. Менің достарым көп.Мен олардың бәрінде жақсы көремін.Солардың ішінде екі досымды ерекше жақсы көремін. Олар Диана мен Гүлсәт.Оларға қиын кездерде қолымнан келгенше көмектескім келеді.Біз кейде ренжісіп қаламыз. Дос болғасын ондай жағдайлар болады ғой …. . Бірақ бір -бірімізбен тез татуласып кетеміз.