М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
зайчик135
зайчик135
12.01.2023 20:42 •  Қазақ тiлi

Написать сочинение на казахском языке про город алматы?

👇
Ответ:
nastriopha1
nastriopha1
12.01.2023
Әдемі көркімен, жанға жайлы нәзік табиғатымен есте қалатын Алматы, бүгінде әр адамның жүрегінен жылы орын тапқан болар, сірә?! Онсыз да әсем әнімен баурап алатын Алматы, күн өткен сайын құлпыра түскендей. Бұл қаланың тарихи, табиғи және мәдени орны да ерекше екені сөзсіз. Жетісудың еркесіндей елітіп әкетіп, арманды арманға жалғайтын да осы – Алматы. Алайда қазіргі Алматымыздың жағдайы қалай? Қаламыз жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Оның дәлелін өзіміз де көре аламыз. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, экономикалық жағдайы, шаһардың даму процесі де айтарлықтай жақсы болмаса, жаман емес. Сонымен қатар, Алматы – жаңа мүмкіндіктер мекені болып та саналады. Осында көптеген саяси, мәдени іс-шаралар өткізіліп те жатыр. Жастардың көбісінің жаңа өмірге қадам басуына да себепкер болып, қолынан жетектегендей болады. Алматы – үлкен белестерді бағындырған қала. Оның тарихына көз жүгіртсек, басынан сан-қилы тарихи кезеңдерді өткерген. Мысалыға, қарапайым өзіміздің тәуелсіздік алған жылдардың тарихи маңызы өте зор екені белгілі. Ызғарлы желтоқсанның құрбанына айналған адамдардың өздері әлі күнге Алматының айбынды жерін еш естерінен шығармайды. Себебі бұл тарихи мекен әрі ұлы оқиға. Ал қазір тәуелсіз елдің көркем аймағына айналып отыр. Алатауы айқарыла ашылып қарсы алса, Көктөбесі жайқала жадырап құшақ жаяды. Соңғы кездері қаламыздың экологиялық жағдайлары бәсеңдеп бара жатыр. Экологиялық апатты аймақтардың бірі екені де рас. Оның алдын алу шаралары да қарастырылуда. Дегенмен, ол шаралар шаһардың толық тазаруына көмек бере алмайды. Сол себепті әрбір алматылық азамат өз қоршаған ортасына септігін тигізіп, Табиғат-Ананы да естен шығармаған жөн. Тағы айта кетерлік жайт, бұл қала қазіргі қазақ қоғамындағы ірі мегаполистердің бірі. Жаңа заманға сай дамыған ғимараттарымен де ерекшеленеді. Бизнес пен бәсекенің орталығы және болашағынан біршама биік белестердің күтіп тұруы да ғажап емес. Не айтсақ та, Алматының әсем табиғаты мен шырайлы шуағы кез-келгенге туған анасы әлдилегендей сезім ұялатады. Қаламыз өркендей берсін!
4,8(81 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Отрак
Отрак
12.01.2023

1.қоршаған ортаны қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтармен ластамау (өндірістік қалдықтар туралы айтпағанда);

жануарлар мен өсімдіктер түрлерін сақтау және көбейту;

жасыл желектер мен ормандарды сақтау;

табиғатта ашық от жақпаңыз және қоқысты өзіңізден кейін тазалаңыз;

2.

иә ол қоршаған ортаға зиян келтіреді және планетаны бүлдіреді

3Табиғатты қорғау шараларын қабылдау өте маңызды. Жердің ресурстарын мүмкіндігінше тиімді пайдалану керек. Сіз тек бүгінмен ғана өмір сүрмей, болашақ туралы ойлауыңыз керек. Жойылу қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін сақтау қажет. Өйткені, кез-келген тірі организм экожүйе шеңберінде өзіндік рөл атқарады. Егер қазіргі жағдай бұзылса, оның салдары апатты болуы мүмкін.

4физикалық - жылу, шу, электромагниттік, жеңіл, радиоактивті;

химиялық - ауыр металдармен, пестицидтермен, пластмассалармен және басқа химиялық заттармен ластану;

биологиялық - биогендік, микробиологиялық, генетикалық;

ақпарат - ақпараттық шу, жалған ақпарат, бұзушылық факторлары.

5Жақын аралықтағы елдер мен Орталық Азияның 62 миллион халқы бастан өткерген жаһандық экологиялық апаттардың ең ірі жаһандық экологиялық апаттарының бірі - өзінің экологиялық, климаттық, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық салдары тұрғысынан аймақтың тұрақты дамуына, денсаулығына, генофонды мен тікелей қауіп төндіретін Арал теңізі трагедиясы. онда өмір сүретін адамдардың болашағы.

4,5(68 оценок)
Ответ:
XXX231xxx
XXX231xxx
12.01.2023

Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттігін бұдан 25 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы Конституциялық Заңының 1991жылы 16 желтоқсанда қабылдауына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.

Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар- ел қорғау соғыстары, ұлт- азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігері, рухы қайтпайтын табандылықты, өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуы тиіс.

Бұл – еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16-желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елбасымыз өткен дәуірдегі қаһармандық оқиғалардың тізбегін таяудағы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арнаған сөзінде: «Ұлы далада бірінен соң бірі толас таппай жүріп жатқан 200-ге тарта көтерілістер эстафетасы, біздің бүгінгі тәуелсіздігіміздің бастау көздері» деп бағалаған болатын.

Тәуелсіздігіміздің жарияланғаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл президентіміздің жүргізіп отырған парасатты, көреген саясатының нәтижесі –Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр.

4,5(38 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ