М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Гвендолин11
Гвендолин11
19.06.2021 14:20 •  Қазақ тiлi

Астана каласы саяхаты не большой текст

👇
Ответ:
Yaritas
Yaritas
19.06.2021
Астанаға саяхат«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесіне орай , 23 қараша күні Қорғалжын аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудан көлеміндегі 12 мектептен 80 оқушы Астанаға саяхатқа барды.«Көшбасшы арманы, бүгінгі саяхат Елорда» ұранымен ұйымдастырылған саяхаттың басты мақсаты жас ұрпаққа ұлтжандылық , елін сүйетін нағыз париоттарды тәрбиелеу болатын.Балаларды саяхатқа Көкшетау қаласынан арнайы келген «Круиз» туристік фирмасының 80 орындық үлкен автобусы апарды.Қорғалжыннан автобус жүйткіп , бас қаламыз Астанаға жол тартты. Автобуста балаларға бар жағдай жасалған. Балаларға арнайы кинолар мен әсем әуендер қойылды.Астанаға кірген беттен автобустағы жолбасшылар Вероника мен Галина оқушыларды қаладағы әсем ғимараттармен таныстыра бастады.Ең алдымен балаларды Астананың жаңа символы «Хан Шатыр» ғимаратының үшінші қабатындағы «Космодром» ойын алаңына апарып, балалар бір сағат бойы өздері қалаған ойындарын ойнады.Автобус әсем қаламыздың сол жағалауымен жүре отырып, еліміздегі ең үлкен мешіт Хазірет Сұлтанға жол тартты. Мешіттің алдында балаларды Айжан апай күтіп алып, балаларды мешіттің сыртқы құрылысымен таныстыра бастады. Қазақы ою-өрнектермен безендіріліп, араби архитектуралық келбетін сақтаған қазақ халқының рухани байлығы мен ұлылығын айшықтайтын ең үлкен мешіт екенін айтып өтті.Сиымдылығы да біршама, бір жолда 10 мың адам мінажат жасауға болады екенін айтты. Келесі аялдама «Назарбаев орталығы» музейі болды. Музей қызметкерлері балаларды қарсы алып, музейдің ішіндегі «Алтын адам» , сақ дәуіріндегі әйелдер киімі, ер адам киімі ,ыдыс-аяқтар және Көкбөрі байрағы т.б. экспонаттарды тамашалады.Келесі аялдама «Думан» ойын-сауық орталығы. Мұнда балалар «Джунгли» үңгіріне кіріп, үлкен маймыл Гари, динозабр , үңгірдің қызыл көзді патшасын , өрмекшілер мен түрлі жәндіктерді тамашалады.Тіпті балалар билейтін бақамен көңіл көтеріп билеп те алды.Міне, Астанадағы қызықты бір күн осылай өте шықты.Кеш болды. Автобус Қорғалжын тас жолына шығып, балалар өздерінің Астанаға саяхат барысында алған әсерлерімен ой бөлісті.Барлық баланың көңіл-күйі өте жақсы. Астанаға жасаған саяхат бізге ұнады. Біз үшін қамқор болған Елбасымызға рахмет. Ұлтына қамқор болған Елбасы аман болсын деген игі тілектерін білдірді. «Менің Президентім –Елімнің тірегі, халқымның жанашыры»,-ендеше бар жақсылық сіздер үшін құрметті балалар.
4,7(69 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
валерія346
валерія346
19.06.2021

 

Ырым деген біздің Ұлы Қазақ халқының (әрине басқаларда да бар) ғасырлар бойы жинаған тәжірибесінің нәтижесінде жасалған дүние. Оның басты күші сенімде жатыр. Ата-бабамыз қандай да бiр іс қылардың алдында ақымақ болып, асығыстыққа бармаса керек. Ырымды ұстап жүріп-ақ аузынан Алласын тастамаған. Ұрпақ тәрбиесі мен халық санасының өркендеуі көбіне көп аяулы әйелдерге байланысты болып келеді. Сол себепті де қыздарға арналған ырымдар:

* Жүкті әйел шашын кеспейді. Өйткені мұндай қылықтан бақ таяды, іштегі баланың бақыты сөнеді, кемтар туылады, қол-аяғы қысқа болады деп ырымдалады.

* Жүкті келіншек “ұл табамын” десе, еркектің қару-жарағын, шалбарын басына жастанып жатады. Ал қыз тапқысы келсе – қызыл ала шыт, әйелдің көйлегі, жүзік, сырға, алқа, білезік, моншақ жастанады.

* Қазақ қыз баланы қорламайды. Қыз – ару, болашақ ана. Ұрпақ қыз арқылы өрбиді. «Қыздың жолы жіңішке», «Қыз назықырық кісіні мас қылады», «Қыз жат жұрттық» деп әлпештейді. «Қыздың қабағында құт бар», «Қыздың қабағы күлімдесе – құт қонады». «Қызды жылатқанның қырсығы қырық есекке жүк болады» деп ырымдап, қыз баланы а
































































































































































































































4,6(28 оценок)
Ответ:
igrik25
igrik25
19.06.2021

ауыз әдебиеті  —  халық шығармашылығының  айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.

қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын вильям томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. бірақ мағыналары бір емес.[1]

мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. батыс еуропа, америка, австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды. ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. б.) тұтастай атау үшін қолданылады. бұл жағынан алғанда ол тек ауыз әдебиетін ғана емес, “этнография”, “этномәдениет” дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр. “фольклор” атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. қазақ әдебиеттану ғылымындағы “ауыз әдебиеті” деген ұғым да “фольклордың” осы мәнімен сабақтас.[2]  бұлар бірін-бірі толық алмастыра береді.[3]  ауыз әдебиетіін зерттейтін ғылымды “фольклортану” деп атау да осыған байланысты. қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. ол — көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. байырғы ата-ң наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. 

4,5(30 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ