М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
GarmionaG7
GarmionaG7
07.04.2022 01:38 •  Қазақ тiлi

Берілген жалаң сойлемдерды жайылмаға айналдыру керек ол уйыктады. коркып тұрмын. кітаптар аз .аспанға көтерді. кулып турды

👇
Ответ:
kerdivar86
kerdivar86
07.04.2022
Ол күндіз шаршап, қатты ұйықтады. Жүрегім бірдеңені сезіп, қорқып тұрмын. Дукенде қазақ тіліндегі әдеби кітаптар аз. Ауылдың ішіне атпен шауып кіріп, шаңын аспанға көтерді. Таңертең қарағанда есікте құлып тұрды.
4,4(8 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
QwertyMia
QwertyMia
07.04.2022

Үркер. Қазақ дүниетанымындағы танымал шоқжұлдыздың бірі. Оны біреулер алты  жұлдыз, біреулер жеті жұлдыз деп атаған. Үркер көне түркілік атау болғандықтан, оның шығу төркініне халықтың дүниетанымындағы аңыздар негіз болған деседі. Яғни Жетіқарақшы мен Үркер жұлдызы жайында кездесетін аңыздардың бірінде Жетіқарақшы Үркердің қызын алып қашады. Содан үркіп қашқандықтан жұлдыздар тобы Үркер атанған екен. Жетіқарақшының жанында тығыла орналасқан бір жұлдыз бар. Ол Үркердің Жетіқарақшы алып қашқан қызы деседі

4,8(83 оценок)
Ответ:
ezio19
ezio19
07.04.2022

айша бибі (хі хіі ғғ.) қараханидтер әулетінің негізін қалаушы қараханның қалыңдығы, қазіргі тараз қаласының жанындағы, сонау скифтер заманынан бастап-ақ қазақтың қол өнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін қамтитын күрделі архитектуралық әсем ескерткіштің иесі.

айша бибінің кім екені жөнінде атадан ға қалған аңыз болмаса, тарихи деректер жоқ. ал, аңыз оны төрт түліктің бірі сиыр малының атасы деп есептейтін зеңгі бабаның қызы еді дейді.

сол аңыздың айтуынша, айша бибі түркістанда жас батыр қараханмен кездесіп, бірін-бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік серік болуға уағдаласады. жаугершілік заман болса керек, тұс-тұстан анталаған жаумен арпалысып, елін-жерін қорғаумен жүргенде қараханның уәделі мерзімде айша бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. арада біраз уақыт өтіп кетеді. ақыры таусылған айша бибі қараханның мекені тараз қаласына өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі баба әже қатынды ертіп, жолға шығады. бірнеше күн жол жүріп, таразға жетеді.

қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп, шаң тозаңнан арылып, біраз дем алуға тоқтайды. күтушісі ас жабдығына кіріседі.

салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан айша бибі күтушісі ас әзірлегенше дем алмақ болып, арнайы өзіне төселген төсенішке келіп жатады. су сабатының салқын ауасына қосылған таудың самал желі ұзақ жолдан шаршаған жас арудың ғын тәнін аялай сипап, рахат құшағына бөлейді. сүйіктісінің ауылының төбесін көріп көңілі жайланған, енді аз уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, тәтті қиял бесігінде тербеліп жатып, маужырап ұйықтап кетеді. осы ұйқыдан оны даланың улы жыланы шағып оятады.

денесін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан айша бибі дереу қараханға хабар бергізеді. қарахан тәуіптерін, молдасын алып жеткенде ару қыз ісіп кеуіп екі дүниенің арасында жатыр екен. қарахан молдаға екеуінің некесін қиғызады. содан кейін ол қызды қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан айшаның құлағына: « айша, сен енді бибі болдың! » деп үш рет айқайлапты.

ханның өлі қызбен неке қиысқаны одан бұрын да, кейін де тарихтан кездеспейді.

қайғырып, қан жұтқан қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады. жауын шайып, жел мүжіп, уақыт өз белгісін салғанымен бір-бірін шынайы сүйген ғашықтардың махаббатының өшпес белгісіндей болып, сол күмбез әлі тұр тараз қаласының іргесінде.

4,7(14 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ