Менің ең басты тілім-қазақ тілі.Әрбір тіл -ол біртұтас әлем.Тіл тек қана оқытушы емес,ол тірі табиғат, адамның және халықтың байлығы мен қазынасы.Ол әрбір адамның махаббатын,жылулығын,сезімін білдіру үшін өте қажет.Сенің қазақ тілін білгенін өзінңің туған жеріне деген,халқына деген ,сыйластыққты білдіріп, еліннің тарихына, болашағына өрлеуіне көп көмек көрсетеді.Қазақ тілін білу бүкіл Қазақстандықтықтардың борышы .Туған жерімізді,елімізді аялап,тілімізді қастерлеп,өз елімізді уақыиыңды бағалай алу керек.
Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс.
Наурыз көже жасау үшін ең алдымен қазан толы сүтіңізді қайнатып, сүт піскеннен кейін оның бетіндегі қаймағын қалқып алып тастайсыз. Сүт әбден пісуге тақаған кезде, қыс бойы сақтаған сүріңізді салып жіберіп, 15 минуттай бетін жауып қоясыз. Аталған уақыт өткеннен кейін жеке ыдысқа пісіріп алған бидай, жүгері, тары, асбұршақ, күріш тәрізді қоректік заттардың жеті түрін сүт пен етке араластырып тағы бір қайнатып аласыз.Асыңыз дәмді болсын!